Мүсілім Әмзе - қазіргі қазақ классикалық музыкасындағы жаңашыл тұлғалардың бірі

Қазақстан Республикасы Мемлекеттік академиялық симфония оркестрінің және Н.Тілендиев атындағы Академиялық фольклорлы-этнографиялық «Отырар сазы» оркестрінің дирижері, ҚР Мәдениет саласының үздігі, ҚР Композиторлар одағының мүшесі, 2000 жылы Құрманғазы атындағы Алматы мемлекеттік консерваториясын халық аспаптары факультетін домбыра мамандығы және оркестр факультетін контрабас мамандығы бойынша қатар тәмәмдаған, 2010 жылы консерваторияны опера-симфония дирижері мамандығы бойынша аяқтаған, 2014 жылы профессор Б.Ә.Жаманбаевтың класынан «Өнертану магистрі» академиялық дәрежесін алып шыққан, 2016 жылдан Құрманғазы атындағы Қазақ Ұлттық консерваториясының докторанты .

2008-2014 жылдары А.Жұбанов атындағы РҚМММИ симфониялық оркестрінің көркемдік жетекшісі және дирижері қызметін атқарды. 2008 жылы дирижер В.Папянның жетекшілігімен Ашдод симфониялық оркестрінде (Израиль) және 2009 жылы Гнесиндер атындағы Ресей музыка академиясында тәжірибеден өтті.2008 жылдан Н.Тілендиев атындағы академиялық фольклорлы-этнографиялық «Отырар сазы» оркестрінің дирижері. Токионың Персимон-Холл сахнасында өнер көрсеткен.2 009 жылдан ҚР мемлекеттік академиялық симфониялық оркестрінің дирижері. Алғашқы дебюттік концертін Израильдің Ришон ле-Зион және Ашдод қалаларында өткізді.

2011 жылдан П.Чайковский атындағы Алматы музыка колледжінің симфониялық және эстрада-симфониялық оркестрлерінің көркемдік жетекшісі және дирижері болды. 2010-2012 жылдары Абай атындағы Мемлекеттік академиялық опера және балет театрының дирижері қызметін атқарды.

«Мәңгілік сарын» атты домбыра күйлері антологиясының (2007 ж.), «Қазақтың дәстүрлі 1000 күйі» атты антологиялық жинақтың (2009 ж.) құрастырушысы. Мүсілім Әмзе Республикалық жас орындаушылар конкурсының (Алматы, 1994), Қ.Ахмедияров атындағы күйшілер конкурсының лауреаты (Алматы, 1996) және I Халықаралық Н.Тілендиев атындағы дирижерлар конкурсының (Астана, 2008) дипломанты. М.Төлебаев атындағы республикалық «Алтын таяқша» дирижерлар конкурсының (Талдықорған, 2013) лауреаты. ҚР мәдениет және спорт министрінің және Қызылорда облысы әкімінің Құрмет Грамотасымен марапатталған.