Сүлейменов Мұстапа 1950 жылдың 22 қазанында дүниеге келген.

Ол 1967 жылдың шілдесінде Сарыағаш ауданы Карл Маркс атындағы совхозда жұмысшы болып жұмыс бастаған. 1968 жылы Алматы қаласындағы XXIII партсъезді  атындағы астық өнімдері комбинатына ауысым инженері болып жұмысқа кірген, 3 айдан соң смен бастығы, 1975 жылы астық өнімдері министірлігінің жолдамасымен Гурьев қаласындағы астық өнімдері комбинатының бастехнологы, 1976 жылы осы мекемеде  инженер, 1979 жылы Сарыағаш қаласындағы шарапты қайта өңдеу зауытында жұмысшы, 1989 жылы осы мекеменің директоры қызметін 1997 жылдың желтоқсан айына дейін атқарған.

1998-1999 жылдары Сарыағаш қаласындағы "Игілік" өндірістік кооперативі төрағасының орынбасары, кейіннен директоры, 2004 жылы Сарыағаш қаласының әкімі болған.

 2007 жылы Сарыағаш ауданының "Құрметті азаматы", 2012 жылы ҚР Тәуелсіздігіне-20 жыл, 2016 жылы ҚР Тәуелсіздігіне-25 жыл меделімен марапатталған.