Мұзафархан Темірханов – ҚР құрметті спорт қайраткері

2011 жылы Қазақстан Республикасының Құрметті спорт қайраткері атанды, ал 2012 жылы Ы.Алтынсарин төс белгісімен марапатталды. Ол дайындаған 25 спортшы ҚР спорт шебері атағын иемденсе, бес спортшы (Мәди Катешов, Жандос Дәуіт,Қанат Катешов, Азиза Ахметова, Азамат Сламхан) халықаралық дәрежедегі спорт шебері атанды.

1949 жылдың 2-ақпанында, Оңтүстік Қазақстан облысында дүниеге келген.

1978 жылы Қазақ инстутының «дене шынықтыру және спорт» мамандығы бойынша білім алса, 1990 жылы педагогикалық ғылымдарының кандидаты атанса, 1991 жылы доцент болды. 2012 жылы профессорлыққа дейін жетіп, бүгінге дейін көптеген шәкірттер дайындап келеді.

Ал  2008 жылы Қазақстан Республикасына еңбек сіңірген жаттықтырушы атағын алды.