Набира Рақымжан-студент

Набира Рақымжан 1997 жылы 25 наурызда Маңғыстау облысы, Мұнайлы ауданы, Дәулет ауылында дүниеге келген. Мектеп кезінде тарих сабағынан көптеген олимпиадаларға қатысып, жүлделі орындармен оралатын. Оқумен қатар, қоғамдық жарыстарға қатысатын. Мәселен:

2007 жылы-«Мұнайлы жұлдыздары» 1-ші аудандық байқауында Халықты вокал номинациясы бойынша 2 орын;

2008 жылы-Қазақстан халықтары тілдерінің I аудандық фестивалінде Қашаған Күржіманұлы атындағы сайыстың термешілер бөлімі бойынша 1 орын;

2009 жылы-Аудандық Қашаған Күржіманұлы атындағы өнерпаздар сайысында жыр бөлімі бойынша 1 орын;

2010 жылы-Аудандық «Ұлы Жеңіске мәңгілік тағзым» атты балалар шығармашылық фестивалінде «Жыр Терме» номинациясы бойынша 3 орын;

Аудандық «Мұнайлы жұлдыздары» фестивалінде Жыр-терме номинациясы бойынша 1 орын;

2011 жылы-Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 20 жылдығына орай, «Тәуелсіздік-жастық арқауы» атты VI облыстық жастар Дельфийлік ойындарының дәстүрлі ән салу номинациясы бойынша 3 орын;

2011 жылы-Қашаған Күржіманұлы атындағы XX облыстық жыршылар сайысының Бас жүлде жеңімпазы;

2012 жылы «Музыкальный вояж» XX Қалалық эстрадалық ән орындаушыларының байқауынан  2 сыйлық лауреаты;

2012 жылы-Аудандық «Мұнайлы жұлдыздары» фестивалінде «Жыр-терме» номинациясы бойынша 1 орындарды жеңіп алды.

2014 жылы мектептің соңғы қоңырауын соғып, сол жылы Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетіне тарих факультетіне түсіп, тарих мамандығын тәмамдады. Университетке түскен бетінен бастап, өзін жан-жақты қырынан көрсете бастады. Нәтижесінде:

2016 жылы-II Дүниежүзілілік фестивалінде «Көктем студентіне» қатысқаны үшін.

2016 жылы-Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінде дәстүрлі «Қыз Жібек-2016» арулар байқауының «БАС ЖҮЛДЕНІ»;

2017 жылы-Эстрада фестивалінде 1 орындарды қанжығасына байлады.

Қазіргі уақытта, Набира қызыл диплом алатын студенттердің қатарында.