Намазбай Андақұлұлы – Қазақстан Республикасына еңбегі сіңген жаттықтырушы, ұлағатты ұстаз.

Қазақ химия-технологиялық институтында «Құрылыс бұйымдары мен конструкция өндірісі» мамандығын меңгерген. Еңбек жолын М.Әуезов атындағы ОҚМУ «Дене шынықтыру мәдениетінің оқытушысы, спорт түрлерінің жаттықтырушы» қызметінен бастады. Намазбай Андақұлұлы жұмыс талғаған жоқ, бір жылдары «Пресс-автомат» зауытында тас қалаушы болып та істеді. Кейіннен спорт саласына түбегейлі бет бұрып, ұзақ жылдар жаттықтырушы болып қызмет етті. 1991 жылы ОҚО ҰСС түрлерінен ОРӘБ НК МСМ, каратэ-додан аға жаттықтырушы болса, каратэден 3 ҚР Еңбек сіңірген жаттықтырушы (Аширбеков Жанабай, Исбаев Данияр, Қажымұхан Шаттық), және 5 Халықаралық дәрежедегі спорт шебері, 20 спорт шеберін жаттықтырды.

1999-2008 жылдар аралығында Шымкент қаласы әкімдігінің дене шынықтыру және спорт бөлімінің басшысы қызметінде болды. 2014 жылдың 1 тамызынан бастап қазіргі уақытқа дейін Шымкент қаласының дене шынықтыру және спорт бөлімі басшысының орынбасары.

2015 жылы «ҚР Конститутциясына 20 жыл» медалімен марапатталған.  ҚР-на еңбек сіңірген жаттықтырушы, «ҚР Құрметті спорт қайраткері», «ҚР Конститутциясына 10 жыл медалімен марапатталған. «Ұлағатты ұстаз» төс белгісімен марапатталған. «ҚР Тәуелсіздік 20 жыл» медалімен  марапатталған.

ҚР Туризм және спорт министрлігінің «Дене шынықтыру мен спортты дамытуға  қосқан үлесі үшін» төс белгісімен марапатталған. 2010 жылы «ХVІ жазғы Азия ойындарына спортшыларды дайындауға қосқан үлесі үшін» облыстық мәслихат грамотасымен марапатталған.  2011 жылы «ХVІІ Қысқы Азия ойындарында спортшылар жеткен жеңіс үшін» қала әкімінің Алғыс хаты берілді. 2015 жылы «ҚР Конститутциясына 20 жыл» медалімен марапатталған.

2000 жылдан бері «Нұр Отан» партиясының мүшесі. Қазіргі таңда Шымкент қаласының дене шынықтыру және спорт бөлімі басшысының міндетін атқарушы және Шымкент қаласының №11 шығыс жекпе-жек түрлерінен БЖСМ де каратэ бөлімінің жаттықтырушысы.