Табынбаев Нариман Болтайұлы-1961 жыл 23 ақпанда Қызылорда облысы, Жалағаш ауданы, Жалағаш кентінде дүниеге келген.

1984 жылы Алматы мемлекеттік медицина институтын (қазіргі Қазақ ұлттық медицина университеті) бітірген;
1984-1986 жылдары Қызылорда облысы Жалағаш аудандық ауруханасында дәрігер;
1986-1993 жылдары Қызылорда облыстық ауруханасында бөлім меңгерушісі, бас дәрігердің орынбасары;
1994-96 жылдары Алматы облысы Қарасай аудандық ауруханасында дәрігер, бас дәрігердің орынбасары;
1997-2007 жылдары Урология ғылыми орталығында ғылыми қызметкер, аға ғылыми қызметкер, бөлім меңгерушісі;
2007-2008 жылдары бас дәрігер қызметін атқарды;
2008 жылы Қызылорда қаласындағы медициналық орталықтың бас дәрігері.
Қазіргі таңда «Ұлттық ғылыми онкология және трансплантология орталығы» акционерлік қоғамының басқарма төрағасы.