Наталья Филатова – «Денисов ауданы әкімдігінің дене шынықтыру және спорт бөлімі» Мемлекеттік мекемесінің басшысы

 

Наталья Филатова - «Денисов ауданы әкімдігінің дене шынықтыру және спорт бөлімі» мемлекеттік мекемесінің басшысы. Ол басшылық қызметте жүріп облыстағы спорт саласына аянбай тер төгеді. Нәтиже де көпшілікті қуантты. Яғни, аудан орталығында 3 бірдей жаңа футбол алаңы мен теннис үстелін халық игілігіне пайдалануға берді. Бүгінде спортпен айналысамын деген кез келген адамға бұл алаңдардың есігі қашанда ашық.

Натаья Филатова 1975 жылы 24 қыркүйекте Рсесйдің Орджоникидзе ауданы, Орджоникидзе ауылында дүниеге келген. 1997 жылы А.Байтұрсынов атындағы Қостанай мемлекеттік университетін дене шынықтыру және спорт мамандығы бойынша бітірген. Ол дене шынықтыру және спорт саласында 20 жылдан аса еңбек етіп келеді. 1995 жылы Орджоникидзе ауданы әкімшілігінің спорт және туризм бөлімінде жастармен жұмыс жүргізетін маман болып қызметке қабылданады. 1996 жылы балалар мен жасөспірімдер спорт мектебінде волейбол спорт түрінен жаттықтырушы болып жұмыс істейді. Тұрмыс құрған соң жолдасымен бірге Приречен ауылдық округінде дене шынықтыру және спорт саласын дамытуға атсалысады. Содан соң Ирина 2007 жылы «Денис ауданы білім бөлімі» мемлекеттік мекемесінде Бас маман болады. Қызмет барысында ол өзінің іскерлік қабілетімен зор беделге ие болып, 2011 жылы аталған мекеменің басшысы болып тағайындалады.

Наталья 2015 жылы Қостанай облысы әкімдігі дене шынықтыру және спорт басқармасының мерейтойлық медальімен, 2013, 2014 жылдары аталған басқарманың алғыс хаттарымен марапатталған.