Наталья Горохова  - есту қабілеті бұзылған мүгедектер арасындағы шахмат және дойбы бойынша Халықаралық дәрежедегі спорт шебері, жеңіл атлетика мен үстел теннисінен ҚР спорт шебері.

ҚР жеңіл атлетика мен үстел теннисінен бірнеше дүркін чемпионы, шахматтан Азия Чемпионатының күміс жүлдегері, жеңіл атлетикадан Азия ойындарының қола жүлдегері, шахматтан өткен әлем чемпионатының қола жүлдегері.

2009 жылдан бері «Маңғыстау облыстық мүгедектер спорт мектебінің» спортшы-нұсқаушысы болып қызмет атқарып келеді.