Наталья  Ивановна білім саласына өзіндік үлесін  қосушы профессор.

19711975 жылдар аралығында К.Ушинский атындағы Петропавл педагогикалық институтында білім алған. 1996 жылдың сәуір айынан бастап М.Қозыбаев атындағы Солтүстік  Қазақстан мемлекеттік университетінде жұмыс жасайды. 2005 жылдың қаңтар айында математика мамандығы бойынша  кандидаттық десертациясын сәтті қорғады. 2010 жылы білім және ғылым комитеттерінің шешімі бойынша Наталья  Ивановнаға педагогика мамандығы  бойынша доцент атағы берілді. 2005 және 2010 жылдар аралығында «Педагогика және психология» кафедрасының меңгерушісі болып қызмет атқарды. 2006 жылы кафедра меңгерушісі бола жүре, музыка – педагогика факультетінің деканы болып тағайындалды. Қазіргі таңда «Педагогика және  психология» кафедрасының профессоры. Республикалық және халықаралық деңгейдегі ғылыми-әдістемелік конференцияларға қатысып, 200-ден аса ғылыми мақалалары жарық көрген. Барлық мақалалары елімздегі ғылыми-әдістемелік басылымдамаларында жарық көрген. Наталья  Ивановның жетекшілігімен 5 магистрлік десертация сәтті қорғалды. 12 жылдық орта  білім беру жүйесі негізінде 5 және 6 сыныптар үшін мемлекеттік стандарттағы математика оқулығының қосалқы авторы. 12 жылдық мектеп оқулықтарына 2002-2010 жылдар аралығында әдістемелік және сараптамалық кеңес мүшесі болып тағайындалды. Қазіргі таңда ЖОО институционалдық аккредиттеу білім беру бағдарламалары мен жоғары білім беру ұйымдарында өзін-өзі бағалау бойынша сараптамалық кеңес мүшесі. 20 дан астам оқу-әдістемелік құрал және 2 оқулық авторы. Сонымен қатар 1 ұжымдық монографияның қосалқы авторы болып табылады.

Өлшеусіз еңбегі, қоғадық іс-шараларға белсене араласып және жоғарғы сапалы мамандарды дайындағаны үшін Білім және ғылым министрлігі мен университет ректорының атынан бірнеше алғыс хаттар табыс етілген. 2016 жылғы «Ы.Алтынсарин» төсбелгісінің иегері.