Құдайқұлова Назым Абжаппарқызы - ұстаз

Құдайқұлова Назым Абжаппарқызы №159 гимназияда 2007 жылдан бастап орыс тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі болып еңбек етіп келеді. Бұған дейін Шымкент қаласындағы №55 орта мектебінде орыс сыныптарында осы пән бойынша cабақ берген. Осы гимназияға келгеннен өзінің білімдігін, ізденгіштігін, жауапкершіліктігін таныта білді. Өз пәнінің теориясы мен әдістемесін жетік меңгерген Оқыту технологиясында коммуникативтік оқыту әдістеріне көп жүгінеді. Мұнда салыстырмалы грамматиканың тиімді, тақырыпқа сәйкес тұстарына сүйену арқылы тілді саналы меңгеруді ұстанады. Мұғалім жазбаша тіл дамыту жұмыстарын да шығармашылықпен ұйымдастырады. Сабақта мультимедиалық, көрнекілік құралдарды қолдану жолымен орыс тілінен сапалы білім береді. Оқушылармен сабақтан тыс жұмыстарда қызықты проблемалық дебаттар, диспуттар, өткізеді. Оқушыларын түрлі әдеби қойылымдарды көрсетуге үйретеді. Оқушылары орыс тілі мен әдебиеті пәндері бойынша аудандық олимпиадаларда жүлделі орындарды иеленіп жүрген ұстаз.

Назым Абжаппарқызы оқушылардың шығармашылық қабілетін дамыта оқыту арқылы, олардың шығарма жазу бойынша қалалық конкурстарда, гимназия газетінің беттерінде, Бегалин атындағы республикалық балалар кітапханасындағы мәдени-іс шараларында көрінулеріне мүмкіндік жасап отыр. Ұстаз Бегалин атындағы кітапханамен тікелей байланыс жұмыстарын жүргізеді. Кітапханада ұстаздың жетекшілігімен шәкірттері «Страна, объединившая народы» атты әдеби-музыкалық композициясын Қазақстанның Тәуелсіздігінің 20 жылдығына арнап көрсетті. Жыл сайын Тілдер мерекесіне арналған апталықтарға оқушыларын белсенді қатыстырып отырады.

Құдайқұлова Назым Абжаппарқызы үнемі өзінің педагогикалық деңгейін көтеруде көп жұмыс атқарады; аудандық, қалалық семинарларда биік деңгейде ашық сабақтар өткізеді. 2010 жылы 8-сыныпта «Причастие» тақырыбында, 6- сыныпта «Лексика» тақарыбында Медеу ауданының мектеп директорларының семинарында үлгі сабақтар ұсынды. Ұстаздың лингвистикалық, интеллектуалдық ойындары сабақ тиімділігін арттырды.

Пән онкүндіктерінде оқушыларымен сахналық көріністер ұйымдастырып отырады. А.С. Пушкиннің «Моцарт и Сольери» трагедиясынан үзінді сахналанды. 7-сынып оқушысы Әбдисағин Рахат Би Моцарттың рөлінде тамаша ойнап шықты. Ол фортопьянода Моцарттың реквиемін және өзі шығарған «Реквиум» атты (Подражание Моцарту) музыкалық пьесасын орындап берді.

«Русский язык и литература в казахской школе», «Валеология», «Жас өркен» журналдары мен газеттерде мақалалары шыққан.

2008, 2010 жылдары «Шығармашылығы және оқушылары аудандық олимпиадада жүлделі орын алғаны үшін» Медеу ауданы әкімінің Құрмет грамотасымен марапатталған.