Николай Николаевич – бапкер-оқытушы.

Николай Николаевич  1942 жылы  Донецк облысы, Красноармейск қаласында туған. Кәсіптік техникалық училищені бітіріп, 1958 жылы топ оқушы жастармен комсомолдық жолдама бойынша жаңа комсомолдық құрылысқа Қазақстанға жіберілген.

1961 жылға дейін Ленин атындағы шахтаның құрылысында жұмыс істеген. 1961 жылы Кеңес әскерлер қатарына шақырылған. Азаматтық борышын өтеп болғаннан кейін, Ленин атындағы шахтасына жұмысқа тұрып, әр түрлі учаскелерде жұмыс істеген. Жұмыспен спортты қатар ала жүріп, ауыр атлетикамен айналысқан. 1973 жылы спорт шеберін орындаған соң, Ленин атындағы шахтасына спорт- нұсқаушы болып ауысқан. 1980 жылы шәкірті Виктор Мазин әлем чемпионы және Мәскеу қаласында өткен ХХII Олимпиадалық ойындар чемпионы атанды. Нәтижелі еңбектің арқасында «Қазақстан КСР еңбек сіңірген жаттықтырушысы», сосын «КСРО еңбек сіңірген жаттықтырушысы» атағы берілді.1980 жылы олимпиада чемпионын дайындағаны үшін «Құрмет белгісі» орденімен марапатталған. 30-дан астам Қазақстан және Кеңес одағы чемпиондарын дайындағаны үшін бірнеше рет ҚКСР және Кеңес одағы Министрлер Кеңесінің мадақтама қағаздарымен марапатталған. Қазіргі уақытта зейнеткер,бірақ, жатықтырушы болып жұмыс істейді.

Николай Николаевичтің  үш баласы және төрт немересі бар. Барлығы ауыр атлетикамен айналысады және спорт шеберлері. Қазіргі уақытта ұлы және үш немересі ауыр атлетика бойынша жаттықтырушы болып жұмыс істейді.