Николай Никитюк - халықаралық дәрежедегі спорт шебері

 

Үздік спортшы, өз елінің патриоты Николай Никитюктің еңбексүйгіштігімен мен спорттағы жетістіктері жас спортшыларға үлгі болып келеді. Бүгінде ол Грек-рим күресі бойынша Қазақстан Республикасының спорт шебері. 

Николай Никитюк 1991 жылдың 17 ақпанында Қостанай қаласында туған. 2014 жылы Қостанай мемлекеттік педагогикалық институтының дене шынықтыру және спорт мамандығы бойынша бітірген. Қазіргі таңда Қостанай ауданы әкімдігінің дене шынықтыру және спорт басқармасының «Қостанай аудандық балалар мен жасөспірімдер спорт мектебі» ҚМУ грек-рим күресінің мұғалімі.

2013 жылдан бастап жаттықтырушы болып өз ісін үлкен жауапкершілікпен атқарып жүрген Николай спортта зор жетістіктерге қол жеткізген. Атап айтсақ, Грек-рим күресі бойынша Қазақстан Республикасының спорт шебері. 2010 жылы Хуанг-шанг қаласында және Қытайда өткен Азия ойындарына қатысқан. Сондай-ақ, 2007 жылы өткен Қазақстан Республикасының грек-рим күресінде Д.Б.Тұрлыханов атындағы сыйлықтың жеңімпазы атанып 3 орынды жеңіп алған. 2010 жылы Олимпиада чемпионы Ж.Үшкемпіров атындағы халықаралық турнирде 1 орынды иеленіп, сол жылы Қазақстан Республикасының чемпионы атағын жеңіп алды. Сонымен қатар Венгрияның Будапешт қаласындағы және Түркия Республикасының астанасы Анкарада өткен халықаралық жарыстардың жеңімпазы атанған.