Ниязбек Саттарбекұлы – көптеген игі шаралардың қасынан табылатын демеуші, жомарт жан.

Ниязбек Саттарбекұлы 2014 жылдан бері Түлкібас ауданындағы Рысқұлов ауылдық округінің аз қамтылған отбасыларына қайырылымдық көмек көрсетіп келеді. Өз қамқорлығына алған отбасыларға қарайласып, оларды азық-түлік, киім-кешек, отын-су секілді қажеттіліктермен қаматамассыз етіп келеді. 1 маусым – балаларды қорғау мерекесіне орай мүгедек балаларға қайырымдылық көмек көрсетіп, аз қамтылған отбасылардан шыққан  балаларға мектепке дайындық акцияларын ұйымдастырып, сондай-ақ  спорттық жарыстарға қатысуға қолғабыс етіп келеді.                                                                            Мемлекет тарапынан ҚР Тәуелсіздіктің 20 жылдығына мерекелік медальімен,  «Нұр Отан» партиясының 10 жылдығы алғыс хатымен, Облыс және аудан әкімдерінің, облыстық, аудандық мәслихатының алғыс хаттарымен марапатталған.