Нұрәли Аманжолов  - Қазақстандағы ЖИТС жұқтырғандар одағының президенті

Нұрәли Аманжолов елімізде ең алғашқы болып жастар арасындағы ЖИТС инфекциясының таралуын алдын алу, ЖИТС-қа шалдыққан адамдарды қолдауға арналған СПИД сервистік "Шапағат" ұйымын құрған азамат. Ұйым  АИТВ-инфекция таралуының алдын алу бойынша   диагностикалық, профилактикалық, эпидемияға қарсы  іс-шараларды үйлестіру және өткізу үшін және АИТВ-инфекцияның таралуымен болған теріс салдарды азайту, сондай-ақ, АИТВ-жұқтырғандар мен ЖИТС-пен консультативтік көмек көрсетуге бағытталған жұмыстар жүргізеді.

2011 жылы Нұрәли Аманжолов Қазақстандағы ЖИТС жұқтырғандардың одағын құрып, ЖИТС орталығы және ҚАҚ ҚКАБ, АИТВ жұқпасымен өмір сүретіндерге әлеуметтік көмек көрсетіп және олардың мүдделерін қорғауға бағытталған жұмысты жүргізеді. Ол СПИД-ке қарсы күрес жолында жастар мен ЖИТС жұқтырғандарды қолдап қана қоймай, оны алдын алу үшін де көптеген шаралардың өтуіне ұйытқы болған жанашыр жан.

Сондай-ақ, орталықтың салауатты өмір салтын қалыптастыру мәселелері жөніндегі және СПИД-пен күрес жөніндегі мамандары жастар арасында, еңбек ұжымдарында ақпараттық баяндамаларды өткізеді. Сондай-ақ, халыққа арнап бұқаралық іс-шаралар — акциялар, флешмобтар, спорт жарыстарын ұйымдастырумен айналысады.