Нұрбол Оқуов – журналист,  ҚР Журналистер Одағының мүшесі

Нұрбол еңбекке ерте араласып, жүк көтеруші, слесарь, құбыр жөндеуші болып жүріп, бөлім басшылығына дейін жеткен азамат.

Ол 1980 жылы 23 қарашада туған. Мектеп табалдырығын Атырау облысы, Жылыой ауданы, Құлсары қаласындағы № 16 Д.Жазықбаев атындағы орта мектептен аттап, сол оқу орнын аяқтап шыққан соң, еңбекке ерте араласты. 17 жасында Ақтау қаласындағы "Наси" ЖШС жүк көтеруші, "Ақтау сүт" ЖШС слесарь жөндеуші, "Теңізшевройл" компаниясына қарасты "Vegyepser" АҚ қазақ-венгр бірлескен кәсіпорнында құбыр жөндеуші болып жұмыс істеді. 2002 жылдың тамыз айынан Маңғыстау өңіріндегі облыстық "Қазақстан-Ақтау" телеарнасында телеоператор, жарық беруші, декоратор, тақырыптық және ақпараттық бөлімдерде редактор, аға редактор, "Жаңаөзен" телеарнасының басшысы болды. 2012 жылдың наурыз айынан бастап жұртшылықпен байланыс саласында еңбек етуде. Атап айтқанда,  "Қазақтелеком" АҚ Маңғыстау облыстық телекоммуникациялар Дирекциясында PR-менеджер, "Ресей Сбербанкі" АҚ - Ақтау филиалында маркетинг маманы, Маңғыстаудағы "Атамекен" Ұлттық кәсіпкерлер Палатасының баспасөз-хатшысы, "Маңғыстау индустриалдық палатасы" ЗТБ төрағасының БАҚ және қоғаммен байланыс жөніндегі Төраға кеңесшісі болды. Бүгінде Маңғыстау өңірлік коммуникациялар қызметінің бөлім басшысы. "Нұр Отан" партиясы, прокуратура, "Азаматтық Альянсы" үкіметтік емес ұйымы, ішкі істер департаменті, табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасы және т.б. мемлекеттік мекемелер ұйымдасырған журналистер арасында өткен бірнеше байқаудың жеңімпазы.