Нұрдәулет Тайтілеуов – өрт сөндіруші

Ғаламдағы ең қиын мамандықтардың бірі – өрт сөндіру қызметі. Осы күрделі мамандықтың ыстығына да, суығына да төзіп жүргендердің бірі – Нұрдаулет Есенбайұлы. Ол жұмыс барысында бірнеше адамға екінші өмір сыйлап, қызыл жалыннан арашалап қалған.    

Ол Оңтүстік Қазақстан облысы, Түркістан қаласы, Орангай ауылында 1977 жылдың 30-мамырнда дүниеге келген. 2003 жылдан бері ОҚО төтенше жағдайлар департаменті «Өрт сөндіру және авариялық құтқару жұмыстары қызметі» мемлекеттік мекемесі Кентау қаласындағы №12 өрт сөндіру бөлімінің аға өрт сөндірушісі азаматтық қорғау аға сержанты болып қызмет атқарып келеді. Алдыңғы қатарлы озат қызметкерінің бірі. Қызметін атқару барысында адам өмірін бірнеше рет құтқарып қалған. 2013 жылы ҚР төтенше жағдайлар министрінің  «Төтенше жағдайдағы ерлігі үшін» және 2014 жылы ҚР төтенше жағдайлар министрінің III дәрежелі «Өртке қарсы қызмет органдарындағы мінсіз қызметі үшін» және 2015 жылы ҚР Президенті Н.Назарбаевтың қолынан «Ерлігі үшін» медальдарымен марапатталған.