Нұрғали Әбдібаев – кәсіпкер, «Қарқын 2030» ЖШС директоры

Нұрғали Махаматжанұлы өз біліктілігінің арқасында ЖШС құрып, оның алға жылжуына, дағдарыстарды артқа тастап, жоғары сапалы өнім шығаруға бар күшін салып келеді. Білгір маман ретінде әлемдік озық технологияларды пайдаланып, соңғы үлгідегі техникалармен жабдықталған серіктестіктің іргесін қалады. Ең маңыздысы, 80 адам жұмыспен қамтылды.

Ол 1975 жылы 13 қыркүйекте Оңтүстік Қазақстан облысы, Қазығұрт ауданында дүниеге келген.

«Қарқын-2030» ЖШС шұжық өнімдерін өндірумен айналысады. 2009 жылы іске қосылған цехта «Нәрлен» сауда белгісімен 60-қа жуық шұжық түрі сатылымға шығарылады. Нұрғали Махаматжанұлының  айтуынша, мұндай атауды қоюдың да өзіндік себебі бар екен. Яғни, цех өнімін алған халық нәрленіп жүре берсін деген мақсат болыпты. Бүгінгі таңда мұнда 80 адам тұрақты жұмыспен қамтылған. Оның 90 пайызы жергілікті тұрғындар.

«Қарқын-2030» серіктестігінің өнімдеріне Астана, Алматы, Шымкент, Қарағанды мен Ақтау қалаларынан сатып алушылар көбірек екен. Өнім рыногын ұлғайту мақсатында 2017 жылы Германиялық «Shaller LLP» компаниясының шұжық шығару қондырғыларын алу арқылы, өнім көлемін екі есеге, яғни сегіз тоннаға дейін арттырып қосымша 10 адамды жұмыспен қамту жоспарлап отыр.