Нұрғали Ораз – жазушы

Нұрғали Ораздың әңгімелері соны пішінімен, ерекше образдарымен, өзіндік жазу стилімен ерекшеленетін жазушы. Нұрғали – қазақ әдебиетінің тарихын терең білетін ойлы жазушы. Ол «Қазақ әдебиеті» газетінде қызмет атқарған жылдары сонау Сәкен, Ілияс, Бейімбеттің көзін көрген Мұхамеджан Қаратаев, Әбділда Тәжібаев, Әлжаппар Әбішев сияқты алдыңғы толқын ағаларының сөзін тыңдап өскен. Шығармаларының ой желісі, ою-өрнегі, образ жасау жүйесі кеңінен толғандырады.

1960 жылы 25 тамызда Оңтүстік Қазақстан облысы, Қазығұрт ауданындағы Монтайтас ауылында дүниеге келген. 1982 жылы Қазақ мемлекеттік университетінің журналистика факультетін бітірген. «Жалын» баспасының жетекші редакторы, «Парасат» журналында бас редактордың бірінші орынбасары, «Оңтүстік Қазақстан» газетінің Бас редакторы, «Қазақ әдебиеті» газеті бас редакторының орынбасары, «Ақ желкен» журналының бас редакторы қызметтерін атқарды. 

Алғашқы «Долана» әңгімесі 1979 жылы «Лениншіл жас» (қазіргі «Жас Алаш») газетінде, «Арман қанатында» атты жинақта жарық көрді. Шығармалары орыс, саха тілдеріне аударылған. Д.Голсуорсидің, Х.Л.Борхестің, И.Кавабатаның, И.Иноуэнің шығармаларын тәржімалаған. «Жалын» баспасының балалар мен жасөспірімдер тақырыбына арналған дәстүрлі жабық бәйгесінің, «Қазақ әдебиеті» газеті, «Парасат» журналы сыйлықтарының, Халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының лауреаты (2003).

Нұрғали Ораз «Соқпақ жол» (1985 ж.), «Бақыршаның балалары» (1988 ж.), «Қазығұрт оқиғалары» (1995 ж.), «Аяқталмаған ертегі» (2002 ж.), «Даладан қалаға келгендер» (2006 ж.), «Биіктегі сұлулық» (2008 ж.), «Түнгі жалғыздық» (2008 ж.), «Сиқырлы көл» (2010 ж.), «Біз, ол, «мерседес» және махаббат» (2011ж.), «Жылқының көз жасы» (2012 ж.) атты т.б. кітаптардың авторы. «Адасқан жұлдыз» пьесасы түркі тілдес халықтардың Әлемдік альманағында түрік тілінде жарық көрді.  Алғашқы «Долана» әңгімесі 1979 жылы «Лениншіл жас» (қазіргі «Жас Алаш») газетінде, «Арман қанатында» атты жинақта жарық көрді. Шығармалары орыс, саха тілдеріне аударылған. Д.Голсуорсидің, Х.Л.Борхестің, И.Кавабатаның, И.Иноуэнің шығармаларын тәржімалаған. «Жалын» баспасының балалар мен жасөспірімдер тақырыбына арналған дәстүрлі жабық бәйгесінің, «Қазақ әдебиеті» газеті, «Парасат» журналы сыйлықтарының, Халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының лауреаты (2003).