Нұргелді Әбдіғаниұлы 1994 жылы Алматы облысы, Панфилов ауданында дүниеге келді.  Сүлеймен Демирель атындағы университетті журналистика мамандығы бойынша аяқтады. Қазақ, орыс, ағылшын, түрік тілдерін еркін меңгерген. 2015 жылы Қазақ Хандығының 550 жылдығы мерекелік медельімен марапатталған. 2016 жылы ҚР Ақпарат саласының үздігі. 2012 жылы "Өмірге өлең әкеле берем" жыр жинағы жарық көрді. 2017 жылы "Тау мен өзен жырлары" антологиясына өлеңдері енді. Abai.kz ақпараттық порталының редакторы.