Нұргелді Құлышев – кәсіпкер, спортшы

Нұргелді Өсербайұлы қазірге таңда жеке кәсіпкерлікпен айналысып, тұрмысы төмен отбасыларды жарылқап келеді. Сондай-ақ, ол самбо, дзюдо спорттарынан спорт шеберлігіне үміткер, қазақша күрес тен де бірнеше турнирлерде топ жарған.

Ол 1983 жылы 25 тамызда  Оңтүстік Қазақстан облысы, Төлеби ауданы, Леңгер қаласында дүниеге келген. 1989-1997 жылдары Леңгер қаласындағы Ш.Уәлиханов атындағы №2 орта мектепте білім алды. 1997-2000 жылдары Леңгердегі №8 колледжде оқып, заңгер мамандығын алып шықты. Ал 2000-2004 жылдары Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университетінің алғашқы әскери дайындық және спорт факультетінде, 2004-2006 жылдары Алматы экономикалық университетінде қаржы мамандығы бойынша 2006-2008 жылдары Шымкент университетінде заңтану мамандығы бойынша білім алды. 2007-2011 жылдары Халыққа қызмет көрсету орталығының инспекторы, 2011-2012 жылдары Төлеби аудандық Әділет басқармасында тіркеуші қызметін атқарған. Қазіргі  таңда жеке кәсіпкер. Самбо, дзюдодан спорт шеберлігіне кандидат. Қазақша күрестен спорт шебері. Көптеген жарыстарда аудан намысын қорғап, биіктерден көрінген.