Нұрғиса Төремұратов – ақын

Ол – ұлттық болмысымызбен сусындаған жырлары көркемділікпен көмкеріліп, оқырманға ой салатын өзіндік бағыты бар ақын.

Нұрғиса Төремұратов 1975 жылы туылған. Науаи Мемлекеттік Педагогикалық Институттың филология факультетін бітірген. Қазақ еліне 2001 жылы келді. Облыстық «Мүшәйра-2004» байқауының бас жүлдегері. Түркістандағы С.Ерубаевтың 90 жылдығына арналған республикалық мүшәйрада дипломант атанған. Тұрар Рысқұловтың 110 жылдығына байланысты өткен жыр додасында 2-орынды жеңіп алды. «Өнер алды - қызыл тіл» облыстық байқаудың 3-орын жүлдегері. 2005 жылы оралмандар арасында облыста «Үздік қаламгер» атанған.

2006 жылы Арал қаласында өткен «Құл болу - оңай, ал одан құтылу - қиямет» тақырыбындағы республикалық мүшәйрада 2-орын алған. 2007 жылы Баянауылда өткен жас қаламгерлердің республикалық І форумының делегаты. «Шабыт шашуы» ұжымдық жинағына өлеңдері енген. «Самала», «Көңіл көкжиегі» сынды 2 өлеңдер жинағы шыққан. «Оңтүстік Қазақстан облысы, Сайрам ауданының «Мәртөбе» газеті редакторының орынбасары.