Нұргүл Ыдырысқызы – болашағын ұстаздық етуге арнаған жас маман.

2008 жылы 51-ші Халықаралық математикалық олимпиадада ІІ орын иеленген. 2012 жылы «Елбасының әлеуметтік жаңғыртылуы жалпыға ортақ еңбек қоғамына қарай 20 қадам» атты облыстық ХVІ ғылыми тәжірибелік конференциясына қатысып, ІІ орынды жеңіп алған.  2012 жылы «Елбасының әлеуметтік жаңғыртылуы жалпыға ортақ еңбек қоғамына қарай 20 қадам» атты облыстық ХV ғылыми жобалар конференциясында І орынды иеленді. 2013 жылы «Химия» мамандығы бойынша V Республикалық олимпиадада ІІІ орынды қанағат тұтса, 2014 жылы «Өнерлі ұстаз-2014» атты облыстық байқауда жеңіс тұғырынан көрінді. 2015 жылы «Жаңа педагогикалық идеялар» атты Республикалық мұғалімдер сайысында І орын алса, 2016 жылы «Жас  педагогтардың ашық сабақтарының панорамасы» атты республикалық мұғалімдер сайысында І орын иеленіп, өзі қызмет етіп жүрген білім мекемесінің атын асқақтатты.