Нургул  Сатыбалдықызы Атырау облысы,Құрманғазы ауданы, Бауыржан Бегалиев атындағы
жалпы  орта мектебінің   жоғары  санатты қазақ   тілі мен  әдебиеті  пәнінің   мұғалімі.


Мадиева  Нургул   Сатыбалдықызы- оқу мен  тәрбие  саласында   өзінің  шығармашылық ізденісімен  заман  талабына  сай   еңбектеніп  жүрген озық   ұстаздардың   бірі.  Ұстаз   деген  атқа  кір келтірмей,   ізденімпаз  қасиетімен   дараланып  келеді.   Өз  пәнін  жетік  меңгерген   маман   ұжымдастарымен   ынтымақтастықта  жұмыс жасауда.Білгенін   ортаға  салып,әріптестерімен   ой  бөліседі.  Нургул  Сатыбалдықызы- жеткіншек ұрпаққа білім беру мен тәрбиелеуді заман талабына сай шығармашылықпен жүргізуге баса мән беріп, оқушылармен жұмыс істеп жүр. Ұйымдастыру қабілеті жоғары, әр істің қыры – сырын таба білетін мұғалім. Ол баланың адамгершілік қасиеттерін өсіретін, Отанға деген рухани сүйіспеншіліктерін арттыратын мәліметтерді оқушыларға жиі беріп отырады.Мұғалімнің сабақтары, түрлі шаралары үлкен ізденіспен, әзірлікпен, қазіргі заманға сай технологияларды пайдаланып, баланың жүрегіне әсер ететіндей етіп өткізеді.Оқушылары  аудандық ,  облыстық   пәндік  олимпиада мен  ғылыми жобалардың  жүлдегері.  Аудандық   пәндік  олимпиададан   I  орын ,облыстық   байқаудан жүлделі  III   орын  иеленді.Республикалық  «Өрлеу»  БАҰО АҚ   филиалы    «Қазақстан   Республикасы  білім  беру  жүйесінің  басшысы және  ғылыми –педагогикалық   қызметкерлері  біліктілігін арттыратын  республикалық   институты»  ұйымының   сертификат  иегері.  Облыстық,республикалық  ғылыми-конференцияларға  қатысып, баяндамасы   жинаққа енді.  Әрдайым  өз білімін  жетілдіріп  отырады.Сонымен  қатар    «Менің   үздік  сабағым-2015», Педагогикалық  оқу-2016, «Жыл үйірме  жетекшісі-2016»,пәндік   олимпиада, «Эсселер  байқауы-2016»      кәсіби  байқаулардың  жеңімпазы.Білімі мен кәсіби біліктіліктілігін  ауданның білім беру саласының өркендеуіне арнап, жас ұрпақты оқытып, Отаншыл рухта тәрбиелеуге,ата-бабаларымыз аңсаған Тәуелсіздігіміздің тұғырын нығайтуға өз үлесін қосып келеді.Өз мамандығы бойынша қызметін адал атқарып,өскелең ұрпақты тәрбиелеудегі жетістіктері үшін Аудандық мәслихаттың Алғыс хатымен марапатталды.Ұлы ғұлама Әл-Фараби ұстаз туралы: "Ұстаз жаратылысынан өзіне айтылғанның бәрін жете түсінген, көрген, естіген және аңғарған нәрселердің барлығын жадында жақсы сақтайтын, бұлардың еш нәрсесін ұмытпайтын...,алғыр да аңғарымпаз... мейлінше шешен, өнер білімге құштар,қанағатшыл, жаны асқақ және ар-намысын ардақтайтын, жақындарына да жат адамдарына да әділ..., бәріне жақсылық пен ізгілік көрсетіп..., қорқыныш пен жасқану дегенді білмейтін батыл, ержүрек болуы керек " деген еді. Озық  ұстаздың бойынын   осы қасиеттің  бәрін де  көруге  болады.Іс-тәжірибені жаңа әдіс-тәсілдермен толықтыра отырып, әлемдік бәсекеге  қабілетті  тұлға даярлау жолында нәтижеге қол жеткізу үшін аянбай  еңбек  етуде.
Мадиева Нургул Сатыбалдықызы – шығармашылығы мол,ізденімпаз, өз мамандығын құрметтейтін,ата-аналар,оқушылар арасында беделді,жауапкершілігі мол, жаңашыл ұстаз.