Маңғыстау облысының тумасы, Құрманғазы атындағы Қазақ Ұлттық консерваториясының магистрі Асқанов Нұрым Темірмұратұлының жетістіктері:

2003-жылы Ақтау қаласының 40 жылдық мерейтойы аясында өткізілген фольклорлық «Інжу-Маржан» балалар шығармашылық фестивалінде І орын.
2006-жылы Қалалық Қашаған Күржіманұлы сайысында І орын.
2007-жылы Қалалық Қашаған Күржіманұлы сайысында І орын.
2007-жылы ХV Облыстық Қашаған Күржіманұлы сайысында І орын.
2007-жылы VI қалалық «Інжу-Маржан» фольклорлық балалар шығармашылығы фестивалінде І орын.
2007-жылы Қалалық «Абай оқулары» сайысында І орын.
2007-жылы VIII Облыстық «Абай оқулары» конкурсында «Көңілім әнді ұғады» бөлімі бойынша І орын.
2007-жылы Республикалық «Әлем Арт» телевизиялық шоу байқауында «Дәстүрлі ән айту» номинациясы бойынша І орын.
2008-жылы «Маңғыстаунама-2008» сазгер Көмек Ыбырайұлының шығармасын орындауда І орын.
2011-жылы Республикалық олимпиядада «Дәстүрлі ән» номинациясы бойынша ІІ орын.
2011-жылы Күріш Тасболатовтың 70 жасқа толуына орай Маңғыстаудың Жеті Қайқы әндерін орындаушылар конкурсында ІІІ орын.
2012-жылы Республикалық олимпиядада «Дәстүрлі ән» номинациясы бойынша І орын.
2013-жылы «Күміс көмей,жез таңдай» ІІ Қалалық дәстүрлі ән орындаушылар байқауында «Домбырамен ән айту» номинациясы бойынша І орын.
2014-жылы «Жүсіпбек Елебековке 110 жыл» толуына орай ұйымдастырылған VI Республикалық дәстүрлі әндерді орындаушылар конкурсында II орын.
2015-жылы «Мекес Төрешов» атындағы I республикалық дәстүрлі әншілер байқауында I орын.
2016-жылы “Сары дала сағынышы - Сал Мұхит” атты əйгілі əнші Мұхит Мералыұлының 175 жылдығына арналған Республикалық конкурсында I орын.
2016-жылы “Қайқылардан қалған саз” атты Жеті Қайқы конкурсында Бас Жүлде.