Сәлімгереев Нұрым – 1994 жылдың 2 қыркүйегінде Арал ауданы, Қарақұм ауылында дүниеге келген. 

2004 жылдан бастап Арал аудандық балалар мен жасөспірімдер спорт мектебінің Қарақұм ауылындағы қазақ күрес бөлімшесіне шәкірт ретінде қабылданып қазақ күресінің қыр-сырын меңгеруді бастады. Спорт шебері. Самбодадан ересектер арасында ҚР-ның чемпионы. Қазақ күресінен ересектер арасында ҚР-ның чемпионы. Белбеу күресінен ересектер арасында ҚР-ның чемпионы. Дзюдодан ересектер арасында ҚР-ның чемпионы. 2015 жылдың «Сыр барысы». Қазақстан барысына қатысушы. Жасөспірімдер арасында  Нұрым бернеше рет облыстық, республикалық чемпионаттар мен ірі халықаралық турнирлердің жеңімпазы.

-    2013 жылы Ақтөбе қаласында қазақ күресінен өткен ересектер арасындағы ҚР чемпионатының жеңімпазы (90 кг) 
-    2013 жылы АҚШ елінде дзюдодан өткен жастар арасындағы Әлем чемпионатының қатысушысы
-    2014 жылы Қытай елінде дзюдодан өткен жастар арасындағы Азия чемпионатының қола жүлдегері
-    2014 жылы Шымкент қаласында самбодан өткен ҚР чемпионатының жеңімпазы
-    2015 жылғы облыстық «Алтын белбеу» турнирін жеңіп алып «Сыр Барысы» атағының иегері атанды 
-    2015 жылғы «Қазақстан Барысы» турнирінің «Көрермендер көзайымы» номинациясының иегері 
-    Жаңақорған кентінде өткен 2016 жылғы 23 жасқа дейінгілер арасындағы ҚР чемпионатының жеңімпазы(100 кг)
-    2017 жылдың сәуір айында  самбодан Ақтөбе қаласында өткен ҚР чемпионатында ІІІ орын;
-    2017 жылдың наурыз айында қазақ күресінен Алматы қаласында өткен ҚР чемпионатында ІІІ орын;
-    2017 жылы дзюдодан Павлодар қаласында өткен Халықаралық турнирде ІІ орын;
-    2017 жылдың сәуір айында Қызылорда қаласында қазақ күресінен  ересектер арасында «Алтын белбеу» турнирінде «Сыр арланы» атанып, Қазақстан барысы турниріне жолдама алды;
-    2017 жылдың мамыр айында самбодан Қармақшы ауданында өткен Кеңес Одағының Батыры Тәйімбет Көмекбаев атындағы XXII Мемориалдың жеңімпазы.