Нәлібаев Мақсұт Ыбырайханұлы 1961 жылы 21 қаңтарда Қызылорда облысы Шиелі ауданында дүниеге келген. 1983 жылы Жамбыл гидромелиоративтік құрылыс институтының Қызылорда филиалының «инженер-гидротехник» мамандығы бойынша,  1995 жылы - ҚР Қарағанды ІІМ жоғары мектебін «Заңгер» мамандығы бойынша бітірген.

Мемлекеттік қызметте еңбек өтілі 20 жылдан астам, кәсіби тәжірибесі мол.  Еңбек жолын 1983 жылы «Кызылордаремводстрой» тресінің инженері болып бастаған. 10 жылдам астам уақыт ішкі істер органдарында жауапты және басшылық лауазымдарын атқарған. 2001-2007 жылдары Қызылорда және Қарағанда облыстары бойынша Қаржы полициясының бастығы, ҚР Экономикалық қылмысқа және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес агенттігінің  сыбайлас жемқорлық туралы істерді ашу және оның алдын алу департаментінің бастығы. 2007-2011 ҚР Мемлекеттік қызмет істері жөніндегі агенттігінің Қызылорда облысы бойынша аумақтық басқармасының бастығы - Тәртіптік кеңес төрағасы, 2011-2014 жылдары Ақмола және Жамбыл облыстарының Экономикалық қылмысқа және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес департаментінің басшысы, 2014-2016 жылдары Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Ұлттық бюросының (сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің) Маңғыстау және Оңтүстік Қазақстан облысы бойынша департаментінің басшысы, 2016 жылдан бастап ҚР Мемлекеттік қызмет істер және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Жамбыл облысы бойынша департаментінің басшысы, Әдеп жөніндегі кеңес төрағасы.  
Мемлекеттік тәртіпті нығайтуға, құқық бұзушылықтардың алдын алуға және мемлекеттік қызметтің беделін арттыруға үлкен үлесін қосты. Принципиалды (алған бетінен таймайды), өзінің функционалдық міндеттеріне жауапкершілікпен қарайды. Шешім қабылдау кезінде заңдылық пен шыншылдық қағидаларын басшылыққа алады.

М. Нәлібаев ұйымдастырушылық қасиеттерімен, қызметтік кәсібилігімен ерекшеленеді. Жаңашылдық пен жаңа ойлар бастамашысы. Мәдени, шыншылдық, жұмысты ұйымдастыру, аналитикалық ойлау деңгейі жоғары.

«Құрмет» және «Айбын» ордендерінің иегері.  «ҚР Тәуелсіздігіне 10 жыл», «ҚР Конституциясына 10 жыл», «Астана қаласына 10 жыл»,                           «ҚР Конституциясына 20 жыл»,  «Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігіне 20 жыл»  медальдарымен және ведомствалық бірқатар кеуде белгілерімен марапатталған. ІІМ және Қаржы полициясының еңбек сіңірген қызметкері.     Қызылорда қаласының Құрметті азаматы.
Отбасылы, төрт баласы бар.