Өз Отанының патриоты ретіндегі, басшы ретіндегі Н.О.Дулатбековтің өмір жолындағы негізгі қағидалардың бірі мұқтаж жанның бәріне көмекке келуге оның жан дүниесінің әрдайым дайындығы.

Білім беру мекемесінің негізін салушы ретінде оған мемлекеттік және жеке мектептердің, колледждер мен ЖОО-ның қалыптасу және даму мәселелері таныс. Мемлекеттік және жеке білім беру мекемелерін жан-жақты қолдау және оларға  көмек көрсету, оқуға білім алу гранттарын бөлу, атаулы шәкіртақылар тағайындау, қазақстандық авторлардың кітаптарын, оқу құралдарын және ғылыми еңбектерін басып шығаруға көмектесу, аз қамтыған және толық емес отбасылардан шыққан студенттерге, жетім балаларға жеңілдіктер жасау – Н.Дулатбеков көрсетіп отырған қайтарымсыз көмектердің толық тізімі бұл ғана емес. 1996 жылдан бастап, осы мақсатта ол 20 (жиырма) миллион теңгеден астам қаржы жұмсады. Қарағанды облысы Шет ауданындағы Ақбауыр, Ақши, Жарық ауылдарының  он бір толық емес орта мектептерін заманауи үлгідегі компьютер сыныптарымен жабдықтады. Жаңарқа ауданындағы Н.Крупская орта мектебіне демеушілік көмек көрсетіп, кеңсе жиһазын алып берді, сонымен бірге оқулықтар мен көркем әдебиеттер алып берді.

Өз бағдарламасы шенберінде Өзінің «Менің мектебім» бағдарламасы аясында Нурлан Орынбасарович Ақтоғай ауданы Қаратал орта мектебіне оқушылардың білім алуына арналған соңғы үлгідегі және бағдарламалық құралдармен жабдықталған компьютер моделімен жабдықталған бір компьютер сыныбын сыйлады. Нұра ауданының шалғай елді мекендері мектептеріне 300 дана оқу-әдістемелік және басқа әдебиеттер алып берді. Оның шығармашылық жұмысының басты бағыттарының бірі өткен жылдар зиялы қауымы алдыңғы қатарлы өкілдерінің саяси-құқықтық көзқарастарын зерттеу, жастар мен студенттерге жеткізу және түсіндіру болып табылады. Қазақ халқының тарихи мұрасын зерттеуге арналған өз бағдарламасын жүзеге асыру мақсатында Дулатбеков Нурлан Орынбасарович қазақтың құқықтық соттық жүйесінің қалыптасу тарихы туралы мұрағат құжаттарын зерттеуге арналған тұрақты жұмыс істейтін Омбы ғылыми экспедициясын ұйымдастырды. Омбы экспедициясы жұмысының қорытындысы бойынша Дулатбеков Н.О. бірқатар оқу құралдары мен кітаптар шығарды. Олардың арасында қазақтар арасындағы тұңғыш магистр Жақып Ақбаев туралы монографияның орны ерекше.

Омбы экспедициясы нәтижесінде ізденуші жеке дара және басқа автормен бірлесіп 5 томдық мемлекет және құқық тарихы бойынша хрестоматия шығарды. Бестомдықта Нурлан Орынбасарович асқан қазақ халқының тарихи өткені туралы баға жетпес құнды мәліметтерді ыждаһаттылық пен және біліктілікпен оқырман назарына ұсынды. Омбы экспедициясында жинақталған мұрағаттық материалдар мен жарияланымдардың ғылыми-тарихи құндылығы жоғары. Олар ғылыми және көпшілік кітапхана қорына берілді және диссертациялар, ғылыми жобалар және зерттеулер үшін таптырмас материалдар болмақ. Қазір автор КарЛаг мұрасын зерттеу бойынша жұмысты ұйымдастыруда, оның нәтижесі бойынша өз қаражатымен үш тілде 20-дан астам кітап шығарды.  Қазақтың ұлттық ауыз әдебиетінің милиондаған табынушыларына Нурлан Орынбасарович Нарманбет Орманбетұлы, Байдалы би Бекшеұлы, Төлебай сал Есбергенұлы, Түскен Сартбасұлы, Шортанбай Қанайұлы, Сәренжіп Әзбергенұлы, Мұхамедия (Дияқажы), Жәкен Байтуов, Қақпан (Батырбек) Жиренбайұлы, Маясара Жапақұлы, Аққыз, Мәди сияқты және тағы басқа қазақ ақындарының аттарын қайтара алды. Олардың шығармашылығы мен туындаларының жинақтары 20 мың дана тиражбен шығарылды. Шығарылған материалдар қазақ халқының мұрасын зерттеу мақсатында Қазақстан аудандары мен қалаларындағы кітаханаларға берілді.