Нұрлан Хамзаұлы – саналы ғұмырын құқық қорғау саласына арнаған жан. 

Алғашқы еңбек жолын Талдықорған облыстық прокуратурасында прокурор көмекшісі ретінде бастап, кейін тергеуші болып қызмет етті. 1991-1993 жылдары Оңтүстік Қазақстан облыстық прокуратурасының жалпы қадағалау бөлімінде аға прокурор, 1993-1995 жылдары Шымкент қаласының Әл-Фараби ауданы прокурорының орынбасары, 1995-1997 жылдары Мемлекеттік тергеу комитетінің Қазығұрт аудандық бөлімінің басшысы, кейін осы комитеттің Батыс аймақтық бөлімінің басшысы, 1997-2004 жылдары Оңтүстік Қазақстан облыстық ішкі істер бас басқармасында 9-шы басқарма басшысының орынбасары,  басқарма басшысы, 2004-2006 жылдары  облыстық ішкі істер департаментінің штаб басшысы, 2006-2009 жылдары облыстық ішкі істер департаменті басшысының орынбасары қызметтерін атқарып, полковник шенінде зейнеткерлікке шықты. Кейін ауыл шаруашылығымен айналысып, «Бекшеге» шаруа қожалығына төрағалық етті. Н.Қойбағаров құқық қорғау саласындағы көп жылғы еңбегі мен адал қызмет атқарғаны үшін «Қазақстан Конституциясына 10 жыл», «Астанаға 10 жыл» мерекелік медальдарымен, III, II-ші дәрежелі «Ішкі істер органдарындағы мінсіз қызмет үшін», «Құқық тәртібін қамтамасыз етуде үздік шыққаны үшін» медальдармен марапатталған. Сондай-ақ, ауыл шаруашылығы саласынның дамуына   қосқан сүбелі еңбегі мен ауданның қоғамдық өміріне белсене араласқаны үшін «Еңбек даңқы» төсбелгісімен, облыстық мәслихаттың Грамотасымен, аудан әкімінің және «Нұр Отан» партиясы аудандық филиалы төрағасының Алғыс хаттарымен  марапатталған. Аққұм ауылының 5үйі жоқ отбасына өз ауласынан тұрғын үй салып, барлығын жұмыспен қамтып отыр. Аққұм ауылының жағдайы төмен отбасыларына жыл сайын 100 нан 500 мың теңге көлемінде қаржылай көмек көрсетіп отырады.