Нұрлан Құралов – кәсіпкер, «Аманкелді» ЖШС компаниясының директоры

Нұрлан Амангелдіұлы облыстың қоғамдық өміріне белсене қатысып, кіндік қаны тамған атамекен - туған жерге перзенттік пейілмен жасаған рухани ізгілік, қамқорлығы жетерлік. Бірнеше рет ауыл азаматтарына демеушілік танытып, жүздеген адамдарды жұмыспен қамтып отыр.

Ол 1963 жылы 25 сәуірде Төлеби ауданы, Бейнеткеш ауылында дүниеге келген. 1980 жылы С.Рақымов атындағы орта мектепті алтын белгіге бітірген. 1985 жылы Қазақ Политехникалық институтының «Түсті металлургия инженері» мамандығын алып шыққан. 1993 жылы обком партиясының Марксизм-Ленинизм университеті «Экономика және өнеркәсіп кәсіпорын басқару» мамандығын бітірcе, 2002 жылы Қазақ Мемлекеттік Заң Академиясының «Құқықтану» мамандығын аяқтады. 2004 жылы Израиль мемлекетінде Машав-Синадко оқу орталығында «Даму және агрокәсіпорын басқару» тақырыбында халықаралық курсын бітірді.

Ал еңбек жолын 1985-1986 жылдары Балхаш тау-металлургия комбинатында «Балқытушы мастер» болып бастайды. Одан соң, 1986-1994 жылдары Шымкент Қорғасын зауытында «Балқытушы мастер», «Аға мастер», Гидрометаллургия цехы басшысының орынбасары және рафинир цехының сілтілі бөлімнің басшысы болады. Жастар мамандарының төрағасы және Шымкент Қорғасын зауыдының біріншілік комсомол ұйымының хатшысы,1994-1995 жылдары Шымкент облысының атқару комитетінің «Шамшырақ» Коммерциялық орталығы бөлімі басшысының орынбасары болды. 1995-1999 жылдары «Куралов и К» ӨК директоры болып қызмет етсе, 1999 жылы «Аманкелді» ЖШС негізін қалапауылшаруашылық өнімін өндіру және өңдеумен айналасуды бастайды.

Қазіргі уақытта «Аманкелді» ЖШС компаниясында үш жүзден артық жүмысшылар істейді. Компания негізінен Қазығұрт, Сайрам, Арыс, Сарыағаш, Отырар аудандарында бидай өсіру саласымен айналысады. Соңғы 10 жылдың ішінде басшының кәсіби іскерлігі қабілеттілігінен егістік жер көлемінің 3 000 га жерден 30 000 га жер көлеміне өсуінен аңғаруға болады, сонымен қоса бидай өндіру, өңдеу және дайын өнім ретінде сату ісімен айналысады. Өз қожалығында астық қабылдау пунктері және Қазығұрт, Арыс аудандарында ұн диірмендері бар.

Кәсіби шеберлігі үшін және ауылшаруашылығының дамуына қосқан үлесі үшін министрліктен, облыс, аудан әкімінен бірнеше марапаттарға ие болған.