Нұрлан Набихан – өрт сөндіруші

13 шілде 1982 жылы Оңтүстік Қазақстан облысы, Түркістан қаласында дүниеге келген.

Ол Алматы облысы, Талғар қаласында орналасқан Қарасай батыр көшесіндегі №18 көп қабатты үйдің 4-ші қабатындағы №10 пәтердің балконынан қатты жарылыс болып, оның арты жалындаған өртке ұласқан қып-қызыл жалын қою түтінге ұласып кетеді.

Қызыл жалын болконда тұтанған пәтерге қарай лап қояды. Осындай сын сағатта еш ойланбастан басын қатерге тігіп, темір есікті бұзып ішке енген Нұрлан Набихан түтінге тұншығып өрт құрсауында қалған қос бүлдіршінді аман-есен сыртқа алып шыққан. Алматы облысы, Талғар қаласындағы өрт кезінде батылдық пен ерлік танытқаны үшін «Құрмет» грамоталары мен «Нұр Отан» партиясының «Алғыс хатымен» марапатталған.