Нұрлыбай Жолдыбаев Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдығына орай туған жері Батыс Қазақстан облысы Талдыалаң ауылдық округіне қарасты Сарықұдық елді мекенінде өз қаражаты есебінен 5,2 млн теңгеге мәдениет үйін салып берді. Сонымен қатар, жаңадан ашылған медпунктке фельдшерлік және акушерлік кабинетті, екпе бөлмесін жаңа аппараттар мен қамтамасыз етті. Бұдан өзге, Нұрлыбай Жолдыбаев ауылдағы Ұлы Отан соғысында қаза тапқан боздақтарға арналған ескерткіш тақтаны жаңартып елдің алғысына бөленді.