Нұрмұхамед  Әбдурахманов – ОҚО ішкі саясат бөлімінің үгіт-насихаттау тобының лекторы

2007 жылы Абай атындағы ҚазҰПУ жанындағы диссертациялық кеңесте «ХІХ ғ.соңы және ХХ ғ. Бірінші ширегіндегі Оңтүстік Қазақстандағы жер қатынастарының тарихы» тақырыбында тарих мамандығы бойынша кандидаттық диссертацияны табысты қорғады. Баспадан шыққан оқулықтары мен оқу құралдары:  2009 жылы Республикалық оқу-әдістемелік кеңестің шешімімен «Насильственная коллективизация в Казахстане и ее последствия» атты оқу құралы М. Әуезов атындағы ОҚМУ баспасынан жарық көрді. 2014 жылы «Қазақстан тарихы» атты  оқу құралы «Эверо» баспасынан шықты. 2016 жылы Қарағанды қаласының «Ақнұр» баспаханасынан «Основы антикоррупционной культуры» атты оқу құралы  жарық көрді. 2017 жылы «Қазақстанның  қазіргі заманғы тарихы»  атты оқу құралы жариялануда.Сонымен қатар, 56 ғылыми мақалалардың авторы, соның ішінде шетелде: Түркия, Пәкістан, Үндістан, Ресей мемлекеттерінің ғылыми журналдарында жарық көрген 5 мақаласы бар.

Соңғы 3 жылда Аймақтық әлеуметтік инновациялық университетінің жанындағы магистратура бөлімінің тарих мамандығында оқитын магистранттардың 18 магистрлік дисссертацияларына ғылыми жетекші болды. 2015-2017 жылдар аралығында М.Әуезов атындағы ОҚМУ «Халықаралық қатынастар» мамандығының бітіруші студенттеріне арналған Мемлекеттік аттестациялық комиссиясының төрағасы. 2000 жылдан бастап қазіргі уақытқа дейін ОҚО ішкі саясат бөлімінің үгіт-насихаттау тобының лекторы.