Нұрмұхаммед Қанатбекұлы Әбілқасымов 1978  жылдың  19-шы желтоқсанында Қызылорда облысы, Сырдария ауданы, Шіркейлі ауылында дүниеге келген.Туғанынан төсекке таңылып науқастанған ол, тағдырына мойымай, өнер жолына түсіп келеді.

Нұрмұхаммедтің дүйім жұрттан бөлек қасиеті – өлеңді қолымен емес, аузына таяқша тістеп ұялы телефонға СМС арқылы  жазады.

Хоббиі: шахмат ойнау, сурет салу. Жетістіктері: 2011жылдың мамыр айында  алғашқы «Тағдырымның жанары» атты кітабының тұсауы кесілді. 2011 жылдың қараша айында поэзия номинациясы бойынша Алматыда өткен республикалық «Самғау» сыйлығының иегері. 2012 жылдың тамыз айында шахматтан облыс жеңімпазы атанды. 2012 жылдың қараша айында  Халықаралық «Шабыт» жастар фестивалінде төрт аяғы тең басқан 92 ақынның арасынан алғашқы ондыққа кіріп, халықтың ілтипатына бөленіп, дипломант атанды.  2013 жылдың қазан айында Астанада өткен «Бәріміз бірдейміз кемсітуді білмейміз» атты республикалық конкурсында «Алтын қауырсын» номинациясының жеңімпазы.  2014 жылы Қазақстан Республикасының «Жазушылар Одағының» ұсынысымен, «Алматы кітап» баспасы  арқылы Нұрмұхаммед Әбілқасымовтың «Тасжарған» атты жыр жинағы  жарыққа шықты. 2014 жылы Бауыржан Момышұлы атындағы «НАМЫС» төсбелгісінің иегері атанды. 2015 жылы «Жаншуақ» сыйлығының лауреаты. 2015 жылы отбасын құрған. 2016 жылдан бастап Қорқыт Ата атындағы ҚМУ-да «Журналистика» мамандығының 2-ші курс студенті.