Мен Нұрталап Болатұлы Шарападин 1986 жылы 14 желтоқсанда Қызылорда облысы Қазалы ауданында дүниеге келдім.1990 жылдан бастап Қарағанды облысы Жезқазған қаласында тұрамын.Әкем Болат Шарападинұлы құрылыс саласында ұзақ жылдар бойы еңбек етіп келе жатыр, анам Базар Саржанқызы қаламыздағы орталық ауруханады аспазшы болып еңбек етеді.Екеуі де Қызылорда облысының тумалары, қазіргі таңда Жезқазған қаласының өсіп-өркендеуіне өз үлестерін қосып жүрген жандар.

Өзім мектептегі 11 жылдықты бітірген соң, Орта-Азиялық университетіне оқуға түстім.2008 жылы қанаттас жатқан Сәтбаев қаласында жаңадан ашылған "СТА - Сәтбаев телеарнасына" режиссер болып қабылдандым, 2013 жылы Жезқазған қаласындаға "Дидар" телеарнасына ауыстым. Содан бері осы арнада еңбек етіп келемін.Орыс тілінде жаңалықтар жүргізушісімін.Қазақ және орыс тілдердінде еркін сөйлеймін.Ағылшын тілінде де өз ойымды қиналмай жеткіземін. Үйленгенмін.Әзірше бір ұлдың әкесімін.Еліміздің өркендеуіне өз үлесімді қоссам деп жүрген барша қазақстандықтардың бірімін.