Нұрзат Сабыров – кәсіби боксшы

Ауылдан шыққан қара домалақ бала Нұрзат жастайынан спортқа жаны жақын болды. Ол жергілікті бокс үйірмесіне барып, бірден-ақ өзінің қаражаяу емес екенін дәлелдей бастады. Алғашқы қатысқан жарыстарда Нұрзаттың шеберлігі, бокс тәсілін керемет меңгергені көрінді. Ол бірнеше халықаралық додаларда алдына жан салмай жүр.

Ол 1993 жылдың 12-желтоқсанында Оңтүстік Қазақстан облысы, Қазығұрт ауданы, Қазығұрт ауылында дүниеге келген.

2011 жылы Қазығұрт елді мекеніндегі Қ.Сатпаев мектеп-лицейін, 2015 жылы М.Әуезов атындағы ОҚМУ-нің «Агроөнеркәсіп» факультетінің «Ауыл шаруашылық техника және технологиялар» мамандығын бітірген.

Мектеп қабырғасында оқып жүріп облыстық, республикалық және халықаралық жарыстарда І-ші және жүлделі орындарға ие болып жүрді. 11-ші сыныпта олимпида чемпионы Бекзат Саттархановты еске алуға арналған Халықаралық жарыста чемпион атанып, Қазақстан Республикасының Спорт шебері нормативін орындады. Нұрзат Алматы қаласында өткен Менгерей Хайруддиновты еске алуға арналған Халықаралық жарыста І - орын, Литваның астанасы Вильнюсте  өткен олимпиада чемпионы Дано Позднияканың жүлдесіне арналған Халықаралық жарыста ІІІ-орын, Ташкент қаласында өткен Сидней Джексонды еске алуға арналған Халықаралық жарыста ІІ-орын, Малайзияда өткен Халықаралық жарыста І-орын, Орал қаласында өткен Асқар Күлібаевтың жүлдесіне арналған Халықаралық жарыста ІІ-орын және Ресей Федерациясының Якутск қаласында өткен студенттер арасындағы әлем чемпионатында І-орынды жеңіп алды. Нұрзат ОҚО бойынша бокстан студенттер арасындағы әлем чемпионатының тұңғыш чемпионы.