Мақұлбек Нұржан Төленұлы 1963 жылы 03 қазанда Оңтүстік Қазақстан облысы, Шымкент қаласында туған. № 7  Қ. Сыпатаев атындағы қазақ орта мектебін бітірген.  1985 жылы  Киев сауда-экономика институтын  «Тауартану және сауда ұйымдастыру, жоғары білікті тауартанушы» мамандығымен бітірді.

Өзінің алғашқы жұмыс тәжірибесін студент жылдарында жүкші-сатушы қызметін істеп алған. Келесі еңбек жолын  Шымкент қаласы азық-түлік сауда бөлімінде тауартанушы қызметінен бастады, кейін инвентаризатор, ол жерде талдау және есепке алуды дағдыланды.  1990 – 1991 жылдары Оңтүстік Қазақстан облысы, Алғабас ауданы Аудандық тұтынушы қоғамы басқармасының орынбасары қызметінде  ауқымды білім және өндірісті ұйымдастыру және сауданы жүргізу тәжірибесін алды.

Нұржан Төленұлы туған ел игілігі үшін қызмет ете жүріп меншікті кәсіпкер ісін құруға ұмтылды.

Ұзақ уақыт бойы халыққа қызмет көрсету саласында жұмыс істеп,  2003 жылы  «АлмаДК» ЖШС кәсіпорнын құрды, ол осы уақытқа дейін Қазақстан Республикасы күштік құрылымдарына әскери және арнайы өнімдерді жеткізу саласында жұмыс атқарады.

 «АлмаДК» ЖШС  өндіру, жөндеу, жетілдіру, сатып алу және  шығарған өнімді сату қызмет түрлері қажетті лицензиялары бар, ол өз кезегінде осы салада жұмыс ауқымын кеңейтіп жаңа екпін береді.

 2010 жылдан бастап  «АлмаДК» ЖШС  әскери, арнайы, имитация, сигналды, түтінді және пиротехникалық өнімдерді өндіріп, құрамындағы қазақстандық үлесті ұлғайту бағытында жұмыс атқарып келеді. Директор Мақұлбек Н.Т. бастауымен жаңа өнімдерді дамыту және өңдеу үшін «АлмаДК» ЖШС ғылыми-конструкторлық  бюросы құрылды.

 Компания  химия және физика, сондай-ақ жарыс ісі саласындағы үздік мамандарды өз қатарына тартты, өндірістегі ең күрделі және түрлі міндеттерді орындауға қабілетті.

Халықаралық көрме KADEX-2016  Астана қ.

Кәсіпорын директоры Мақұлбек Н.Т. мамандармен бірлесе өндіріс-техникалық базаны жабдықтау және жетілдірумен айналысуды жалғастыруда, Алматы және Оңтүстік Қазақстан облыстарында орналасқан,  онда  зертхана, өндіріс-техникалық  және қойма  жайлары орналастырылған. Ғылыми сынақтар меншікті эксперименталдық алаңда, стенд және жабдықтарда өткізіледі. Қазіргі таңда бірқатар жабдықтардың заманауи түрлері сатып  алынды, және де  конструкторлық  бюро құрған жабдықтар шығарылған өнім тауар жинағын кеңейту үшін. Атқарылған жұмыс нәтижесі және ғылыми-зерттеу мен тәжірибе-құрастырымдық жұмыстар және тәжірибелік-құрастырымдық жұмыстарға ұзақ мерзімді меншікті қаржыны салу  (ҒЗТҚТ) – өнертабыс болып табылады, оларға мемлекет кәсіпорынға ұсынылған инновациялық патенттер.

Бүгінгі таңда «АлмаДК» ЖШС өндірген өнім сапасын арттыру жолында ерен және тынымсыз еңбек арқасында бұрынғы кеңес елдері арасында Ресей Федерация кәсіпорындарымен қатар әскери және арнайы өнім шығаратын бірегей өндіруші, оның үстіне өнімнің басым бөлігің батыс Европада теңдесі жоқ. Компания алғашқылардың бірі болып, Қазақстан Республикасы Қорғаныс-өнеркәсіптік кешені құрамына кірген кәсіпорын, өз өнімін шетелдерге экспорттаушы, оны бір қатар шетелдердің қару-жарағына қабылдады.

Компания өндірген өнімдерін Халықаралық көрмелерде ұсынып көрсетті :

  2006 жылы Халықаралық көрме  «ITECA-2006» ( Астана қ.), «КАDEX–2010, 2012, 2014, 2016», «Kazakhstan Security Systems-2013, 2015» (Астана қ.), Халықаралық көрме CIPS-2013, 2015 (Ташкент қ.), «ADEX-2014» ( Баку қ.), Халықаралық арнайы көрме «Қару-жарақ және қауіпсіздік-2014, 2015, 2016» (Киев қ), Халықаралық көрме қару-жарақ және қоғаныстық технология «ArmHiTec-2016» (Ереван қ.), Халықаралық көрме және қорғаныс өнеркәсіп конференциясы «IDEX-2017» (Абу-Даби қ.), Халықаралық көрме қорғаныс өнеркәсібі  «IDEF-2017» (Стамбул қ.) және Халықаралық көрме  қару-жарақ және әскери техника «MILEX-2017» ( Минск қ.).

Бүгінгі таңда «АлмаДК» ЖШС - отандық өндіруші, Қазақстан Республикасы Қорғаныс-өнеркәсіптік кешені құрамына тағайындалған ғылыми және ғылыми-техникалық субъект, Ұлттық кәсіпкерлер Палата мүшесі - өңдеуді жүзеге асырып және Қазақстан Республикасы күштік құрылымдарына  имитациялық, пиротехникалық және сигналды СТ РК ИСО 9001-2009 (ISO 9001:2008) «Сапа менеджмент жүйесі. Талаптар» (№ KZ.7500947.07.03.04650) талаптарына сай өнімдер шығарады.

«АлмаДК» ЖШС осы кезеңде мұнымен шектелмей технологиялық желі түрлерін кеңейтіп жаңа өңделген инновациялық өнімдерді шығаруды жалғастыруда.