Нұржан Сартаев – ұстаз

 

Нұржан Сартаев - ұрпаққа үлгі бола білген ұстаз. Ол шәкірттеріне өзгеше оқыту жүйесімен білім береді. Ерекші ізденісі мен еңбегінің арқасында білімді, озат оқушыларды түлеп ұшырды.

Ол 1981 жылы 28 қаңтарда Қостанай облысы Семиозер ауданында дүниеге келген. 2008 жылы академик З.Алдамжар атындағы Қостанай әлеуметтік-техникалық университетінде «Экономика және құқық негіздері» мамандығы бойынша бітірген. Бүгінде ол «Әулиекөл ауданы әкімдігі білім басқармасының Новоселовский орта мектебі» мемлекеттік мекемесінің директоры.

Нұржан Сармантаев жоғары санаттағы бірінші дәрежелі мұғалім. Ол жұмыс барысында оқыту жүйесінің сапасына үлкен көңіл бөледі. Сондықтан оның әрбір оқушысы сабақты қызығушылықпен, ынтамен оқиды.

Көптеген жылдар бойы Нұржан Сартайұлы дарынды балалармен жемісті еңбек етіп келеді. 2006 жылдан бастап бүгінгі күнге дейін оның шәкірттері Қазақстан тарихы пәні бойынша аймақтық және облыстық пәндік олимпиадалардың жеңімпаздары, ғылыми жобалардың жүлдегерлері атанған.

Ұлағатты ұстаз 2009 жылы Әулиекөл ауданы білім бөлімінің «Педагогика саласындағы шығармашылығы мен ізденісі үшін» алғыс хатымен, 2010 жылы Әулиекөл ауданы білім бөлімінің алғыс хатымен және 2016 жылы Қостанай облысы Білім басқармасының алғыс хатымен марапатталған.