Ақын Нұржан Светқали  1962 жылы Маңғыстау облысы Түпқараған ауданы Қаңға баба мекенінде дүниеге келген.

Ауылдағы орта мектепті бітірген соң жылқышы, мұнай өндірісінде жұмысшы болған.

1986 жылы Қазақ мемлекеттік универстетінің (қазіргі әл-Фараби атындағы ҚазҰУ) филология факультетін тәмамдап,. жоғары білім алғаннан кейін «Пионер» (қазіргі «Ақ желкен», 1986 – 1987) журналында, Қарақия аудандық мәдениет бөлімінде (1987 – 1994), облыстық «Өнер» қорында (1994 – 1995) қызмет істеген. 1995 жылдан бастап "Өнер" қорының президенті болып тағайындалады.

Нұржанның өлеңдері облыстық және республикалық мерзімді баспасөзде, студенттердің жыр жинағында («Аудитория», 1984) жарияланған. 1993 жылы «Аруана» атты жеке жинағы, бұдан кейін үш томдық «Таң қауызын жарғанда» жинағы (2002) жарық көрді. «Дарын» (1996), Қазақстан Жазушылар одағының Т.Айбергенов атындағы сыйлығының және әдебиет саласындағы Президенттік стипендияның иегері.