Жанпейісов Нұржан Қабимолдаұлы

2000 жылы «Жаңа ғасырға, жаңа ән» байқауының лауреаты 2000 жылы «Шабыт» халықаралық фестивалінің 2-ші лауреаты,  2002 жылы Ә.Қашаубаев атындағы әншілер байқауының Бас жүлде иегері лауреаты.  2004 жылы Париж қаласында өткен ұлттық дәстүрлі музыка фестиваліне қатысқан.  Гастрольдік сапармен Қытайда, Ресей қалаларында өнер көрсеткен. Халықаралық «Шабыт» жастар фестивальінің лауреаты, 2002 жылы Нұржан Қытай Халық Республикасы, Наджинг қаласындағы «Ұлттық халық әндері», Франция, Париж қаласында «Дәстүрлі музыкалар», Қырғыз Республикасы «Айкөл 2006», Оңтүстік Корея, Сеул қаласында «Дәстүрлі өнер орындаушылары» халықаралық фестивальдеріне қатысқан.  Қазақстанның Қытай Халық Республикасындағы, Сауд Арабиясы Корольдігіндегі өткен мәдениет күндеріне қатысып сәтті өнер көрсетті.