Оксана Пауль – мектеп директоры 

Оксана Валериевна жаңа буын жетекшісі болып табылады. Бес жыл бойы демократиялық және жеке тұлғаға бағытталған стильдерін шебер үйлестіре  отырып, білім беру  ұжымын ойдағыдай басқарып келеді.

Қазіргі заманғы мектептер алдында тұрған міндеттердің маңыздылығын түсіне отырып, терең білімді бәсекеге қабілетті жас буынды дайындауда «Шетел тілін интеграция арқылы мемлекеттік тілмен оқушылардың есту арқылы сөйлеу бойынша қабылдауын дамыту» әдістемесін үнемі жетілдіріп отырады. Дамыта оқыту технологияларын негізге ала отырып, Оксана өз жұмысында бірқатар басқа да технологиялар пайдаланады.Педагогтың әр түрлі топтағы оқушылардың ойлау ерекшеліктерін білуі және қолайлы психологиялық климат тудыруы, сабақта тұрақты жасампаздық қызметін ынталандырады. Оқушылардың коммуникативтік қабілеттерін дамыту, сабағында оқушылардың белсенділігі мен жеке мүдделлілігін қамтамасыз ету үшін, өз пәніне қатысты лингвистикалық және өзіндік ерекшеліктері бар аутенттік материалдарды қолданады.Оқушыларының жеткен жетістіктері мен оқу қызметінің жоғары көрсеткіштері ұстаз жұмысының нәтижесі демекші, Алматы қаласы Гёте институтының ұйымдастыруымен «Wer wird Deutschlandkenner 2015» халықаралық байқауында  оқушылары Полина Смирнова және Камилла  Манапова қатысып түрлі сертификаттарға ие болды.

Оксана Валериевна қазіргі заманғы мектепті басқару және пәндерді оқытудағы жаңа әдістемелерді меңгеруге талпынады. Осы мақсатта ол әртүрлі курстар, семинарлар, конференцияларға барады. 2016 жылы мектеп басшыларына арналған Астана қаласындағы жаңа форматтағы курсын бітірді. НЗМ ДББҰ материалдар жинағында  «Әлем өзгеруімен бізде өзгереміз» атты мақаласы жарыққа шықты. О.В.Пауль 2016 жылы жазда Бремен қаласында «DAF in der Grundschule» халықаралық семинарға қатысты. Өнімді еңбегінің арқасында мектеп түлектері бірнеше жыл бойы ҰБТ тапсыру қорытындысы бойынша алдыңғы қатарда келеді. Осы нәтижелер негізінде Шахтинск қаласы әкімінің алғыс хатымен марапатталды.Әрдайым мектеп жұмысымен қатар қоғамдық іс-шараларға белсене қатысып тұрады. "Нұр Отан" партиясы мен халықаралық антиядролық "Невада-Семей" қозғалысы жұмысына белсенді  араласқаны үшін бірнеше рет марапатталған.

О.В.Паульдің бай шығармашылық әлеуеті, жоғары мәдениеттілігі, білімділігі мен біліктіліктілігі, әдептілік қарым-қатынасы әріптестерінің, оқушылар мен  ата-аналарының алдында үлкен  құрметке ие.