Оксана Фрайденберг – мектеп директоры

 

Оксана Фрайденберг білім беру саласының дамуына үздіксіз үлес қосып жүрген еңбекқор маман. Ол қазіргі уақытта мектеп директоры қызметінен бөлек Покровка ауылдық округінің депутаты, Қазақстан халқы Ассамблеясы қоғамдық бірлестігінің Денисов ауданы бойынша төрағасы. Сонымен қатар 2007 жылдан бастап «Нұр Отан» партиясының мүшесі және «Мақсат» Қоғамдық қорының құрылтайшысы.

Ол 1970 жылы 28 ақпанда Ресейдің Челябинск облысында дүниеге келген. 2004 жылы Қостанай әлеуметтік академиясын «Педагогика және бастауыш оқыту әдістемесі» мамандығы бойынша бітірген. Қазіргі таңда ол Қостанай облысы, Денисов ауданы әкімдігінің білім бөліміне қарасты «Антонов арнайы мектебі» Мемлекеттік мекемесінің директоры.

Оксана Станиславқызының еңбек тәжірибесі 27 жыл. Ол 1989 жылдың тамыз айнан бастап 1997 жылдың қыркүйегіне дейін музыка пәнінің мұғалімі болды. 1997 жылдан бастап директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары болып тағайындалды.

Наталья Фрайденбергтің еңбек жолында жеткен жетістіктері жетерлік. Атап айтсақ, Денисов ауданы әкімінің алғыс хатымен, сондай-ақ 2006 жылы «Үздік әлеуметтік тұлға» облыстық байқауының алғыс хатымен марапатталған. 2017 жылы Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі, Қостанай облысы бойынша Төтенше жағдайлар департаменті бастығы орынбасарының Құрмет грамотасымен марапатталған. Сонымен қатар, мектептегі білім беру саласындағы жетістіктері үшін Тельман ауылдық округі әкімінің алғыс хатын да иемденген.