Ольга Хныкина - өнер қайраткері

Ольга Хныкина 1953 жылы  2 қазанда туылған. Ұлты орыс. 1994 жылдан бері Абай атындағы МДК жанынан өз ұсынысымен құрған «Радуга» балалар шығармашылығы студиясының жетекшісі  болып қызмет етеді. Тамаша ұйымдастырушылық қабілетімен нағыз ұстаз Ольга Хныкина балалар шығармашылығы студиясын құру арманын бірден-бір мақсат тұтты. Балаларға өз қабілетін ұштауға және талантын көрсетуге мүмкіндік беруге, көмектесу ниетімен жүзеге асырды. Өте нәзік психологиялық сезімталдық және педагогикалық әдеп иесі Ольга Васильевна тек қана студия тәрбиеленушілерінің ғана емес, қызмет жағдайын өте үлкен іскерлікпен епті басқара біліп ұстаздар ұжымы құрамының жүрегіне де жол таба білді, осының нәтижесінде екі әсем ұжым құрылды, олар: балалар және ересек ұстаздар ұжымы. Өзінің жетекшісінің талантының жан-жақтылығына, оның әрбір тәрбиеленушіге деген қарым-қатынасындағы айтарлықтай ілтипатына қызыққан ұстаздар балаларды зор ықыласпен және қамқорлықпен қамти алды, олар өздерінің жеке шығармашылық қабілетін көрсете білген  балаларға белсенді түрде қолдау көрсетеді. О.В.Хныкина студияда өнермен айналысатын әрбір тәрбиеленушіге шығармашылық іс-әрекеттің әрбір аспектісіне қызығушылықты тәрбиелеуде зор еңбек етіп жүр. Оның студиядағы дәріс берушілер мен тәрбиеленушінің жұмысын дұрыс жолға қойғандығы сондай, балалар мен ересектер ұжымының арасында өзара сыйластық, достық қарым-қатынас, жоғары нәтижеге жету жолындағы ынтызарлық ниеті қалыптасты. 

Білімі бойынша музыка маманы, Ольга Васильевнаның кәсіптік біліктілігі, өте нәзік музыкалық зор талғамы ғана емес, оның педагогикалық әдістемесіндегі әрбір тәрбиеленушіге, әрбір ұстазға деген игілікті қарым-қатынасты таба білгендігі үшін балалардың да, олардың ата-аналарының да, сонымен қатар басшылардың да үлкен құрметпен қарауына себепші болды.  Оның бастамасының, педагогикалық және ұйымдастырушылық шеберлігінің арқасында жас әншілер мен бишілер бірнеше рет қалалық, облыстық рспубликалық және халықаралық мәртебедегі үздік наградаларға ие болды. Осы қасиетінің арқасында ол «Бозторғай» балалар шығармашылығы халықаралық конкурсының және Москва қаласында өткізілетін «Өз жұлдызыңды жақ» халықаралық конкурсының Маңғыстау облысындағы өкілі, сонымен қатар қалалық «Музыкальный вояж» конкурсының орындаушы директоры және 2006 жылдан бастап эстрадалық әндерді орындаушылардың «Жұлдыз болғым келеді» теледидарлық конкурсының үйлестірушісі болып табылады. Бұл балалар шығармашылығымен айналысатын адамдардың арасындағы осы кісінің маңызын тағы да көрсетеді.  Мейірбандылық, елгезектік, өте бай адамгершілік парасат, эстетикалық дарындылық, балармен жасалатын жұмысқа шын жан-тәнімен араласа білуі О.В. Хныкинаға балалар ұжымының шын мәніндегі басшысы болуына, оның жұмысын өте қызғылықты тұрғыдан ұйымдастыруға мүмкіншілік береді. Әрбір студия тәрбиеленушісінің бойында үздік болуға деген, қалада және одан да алыс жерлердегі таланттарды тәрбиелеп шығаратын   ең үздік мәдениет ордасы ретінде танымал Абай атындағы мәдени-демалыс кешенінің мәртебесін төмендетпеуге деген талпынысты тәрбиелеуге көмектеседі. 

О. В.Хныкина балалар шығармашылығына қосқан зор үлесі үшін сансыз алғыс хаттармен, миақтау қағаздары мен сыйлықтарға ие болған. Атап айтсақ Ақтау қаласы және Маңғыстау облысы әкімдігінен алғыс хаттар, Ресей Ассоциясия Бірлестігі ООН – нан мадақ қағазы, 1998 жылы ҚР Президентінің құрмет медалімен, 2008 жылы «А-Лау»дуэтінің халықаралық «Детская Новая волна» байқауының жеңімпазы болғаны үшін «Маңғыстау-35» естелік белгісімен марапатталды.

2012 жылы мәдениетіміздің дамуына, халықаралық достық қарымқатнасты нығайтуда қосқан үлесі үшін ҚР құрмет грамотасымен марапатталып, «Мәдениет саласының үздігі» атағын алса, сол жылы Маңғыстау облысы бойынша Мәдениет салысындағы «Жыл Адамы» дәрежесін алды.

О. В.Хныкина өзінің ой жоспарларында және әрекет қылығында ең жоғарғы талап-ниеті ретінде әрбір жас талантқа пайдасын тигізуді, оның қабілетін арттыруды, айтарлықтай жоғары деңгейге көтеріп шабытын шыңдауды шеберлік туралы деңгейге жеткізуді қояды.  Ол студия ұстаздарының осындай биік мақсаттарға жетелейтін іс-әрекеттерін жігерлендіріп, марапаттап отырады, қандай да болмасын ұстаздың педагогикалық талантын, жеке қабілетін байқап, оны дамытуда бар күш-жігерін аямайды. Студия жетекшісі оның жұмысына үйлесімді басшылық жасайтыны сондай, нәтижеде оның аяғы балалар мен ұстаздардың өнер көрсететін қалалық, облыстық және республикалық маңызы бар тамаша концерттермен аяқталады. Студия тәрбиеленушілері өте жоғары мәртебелі конкурстар мен фестивальдерден Ақтау қаласына талмастан жаңа-жаңа жеңістер әкелуде. О.В.Хныкинаның бойында өзінің тәрбиеленушілерінің шеберлігі мен машық дағдысын іске асыруға, педагогтық қызметтің жаңа түрлері мен әдістерін, жаңа қызық репертуар қарастыруға деген толассыз мүмкіндік іздеу қасиеті бар. 

2015 жылы 15-22 маусым аралығында Түркия елі, Кемер қаласында өткен Халықаралық «Art Oiympia» балалар және жасөспірімдер фестивалінің ұйымдастыру алқасының шешімімен «Абай» атындағы МДК-нің қызметкері Ольга Хныкина қазылар алқасы мүшесі ретінде арнайы шақыруға ие болды.