Ольга Сафронова-жеңіл атлет

Ольга Сафронова 1991 жылы кеншілер қаласында дүниеге келген. Халықаралық дәрежелегі спорт шебері. Өмірін спортқа бауылған Ольга, қазіргі таңда ел мақтанатын азаматтардың бірі. Себебі ел біріншіліктерінде алтыннан алқа тағып жүрсе, азия және әлем ареналарында топ жарып жүрген қаршадай қыздарымыздың бірі.

Лондон және Рио олимпиадаларының қатысушысы. Ал 2014 жылы Кореяның Инчхон қаласында өткен ХVII Жазғы Азияда ойындарында 1-ші орын алса, Қытайдың Вухань қаласында болған XXI Азия чемпионатында күміс медальді қанжығасына балады. 

Айта кетейік, Ольга Сафронова 100 метр қашықтыққа жұгіруден Қазақстанның рекордсмені.