Олег Касаткин – цирк әртісі

Олег Николаевич 26 жылдан бері цирк өнері саласында аянбай тер төгіп, халықтың қошеметіне бөленіп жүр. Оның дайындаған топтары халықаралық сайыстарда жүлделі орындарды иеленіп жетекші мәртебесін өсіріп, қажырлы еңбектің нәтижесін көрсетуде.

1968 жылы 14-шілдеде дүниеге келген. 1975 жылы спорт мектебін тәмәндап, спорт және гимнастикадан спорт шебері атанған. 1986 жылы әсер қатарында болып Отан алдындағы борышын өтейді. 1986 жылы Кесе Одағы көлемінде өткен спартакиададан жүлделі орынға ие болған. 1989 жылы Қазақ спорт институтына оқуға түсіп, оны сәтті аяқтап шығады. Өз ісінің шебері, спортшы Олег 1991 жылы «Алтын-Алма» цирк өнерпаздар құрамына еніп, өзінің алғашқы өнерімен жұртты тәнті ете бастайды. 1994-2004 жылдар аралығында Ресей мемлекетіндегі «Ресей мемлекеттік циркінде» елеулі қызметтер атқарып, біраз тәжірибе жинақтап,  түрлі жетістіктерге жетеді. 2005 жылы Астаналық циркінде жұмысқа қабылданған. 2016 жылы Касаткин Олег Николаевичтің жетекшілігіндегі топ Қытай Халық Республикасындағы Лоян қаласында өткен ІІІ халықаралық Қытай акробатикалық фестивалінде І орын иегері атанды.