Олеся Овсянкина – қысқы Президенттік көпсайыстан спорт шеберіне үміткер

Олеся Викторовна – СҚО Мамлют ауданының жас та болса табанды, еңбекқор спортшыларының бірі. Ол Щучинск қаласында қысқы Президенттік көпсайыстан өткен Қазақстан біріншілігінде абсолютті чемпион атанды.

Спорт шеберіне үміткер Олеся 2008 жылы Қазақстан чемпионатынан қоланы қанжығаласа, ІІІ қысқы республикалық Спартакиадада да қола медаль иегері атанған. 2014 жылы роллерлі полиатлоннан жүлделі ІІІ орынды иеленсе, 2015 жылы Щучинскіде өткен кезекті Қазақстан Чемпионатында қысқы Президенттік көпсайыстан күмісті еншілеген.