Климин Олжас Багланұлы  «№ 2 Облыстық мамандандырылған балалар мен жасөспірімдерге арналған олимпиядалық резерв мектебінің» инструктор спортсмені.

Климин Олжас Багланович – өзінің сырқатына қарамастан, қайыспас қара нардай жігерін жанып,  намысын қайрап жеңіске қол жеткізген азамат.  Олжастың жеңіске деген ұмтылысына,  ерік-жігеріне қанының аздығы да тосқауыл бола алмады.  Жаттықтырушысы Татьяна Викторқызының психолигиялық тұрғыда көрсеткен көмегі мен қолдауын да ерекше айта кеткен жөн.   Кез-келген спортшыны моральдік тұрғыда дұрыс қолдасаң,  жігерліндірсең жемісін көрерін анық.  Бір ауыз сөзбен көңілін марқайтып,  жанын жадыратып,  болашаққа деген көз - қарасын өзгертіп жіберуге болатынын айпаса да мәлім дүние.  Олжасқа дұрыс қойылған режим мен кестенің арқасында Олжас өзінің қалпына келді.  Олжасқа өзінің арманындағы медальдарын алу оңайға түспеді , біраз қажыр – қайратты талап еткен жайы бар. Бірақ, кез – келген маңдай тердің артында, қуаныштың көз жасы болары анық. 2014 жылы 16 жасар Ақмалалық спортшы өзінің қатарластарынан оқ бойы озық шығып, шаңғы тебуден Италияда өткен әлем чемпионатында тұғырлы IV – орынды иеленді. Шаңғы тебуден ҚР Ұлттық құрама командасының мүшесі. Спортпен айналысып жүрген аралықта өзін тек жақсы қырынан көрсете білген Олжас, мынадай жетістіктерге жеткен:

ҚР жастар арасындағы бірнеше дүркін жеңімпазы.

Эстафеталық жарысы бойынша ҚР қыстық спартакиада ойындарының чемпионы.

Қазақстанның ерлер арасындағы чемпионы.

Италияда жасөспірімдер арасында скиатлоннан өткен әлем семпионатының IV орын жүлдегері.

Бүкіләлемдік 28-ші қысқы Универсиаданың командалық спринт бойынша чемпионы және эстафеталық жарыс бойынша күміс жүлдегері.