Мен Олжас Серікұлы 1991 жылы Алматы қаласында дүниеге келдім. Мектеп пен жоғарғы оқу орнында озат болдым. Спортпен айналысқанды ұнатамын. Осы күнге дейін футболдан қаланың үздік қорғаушысы, бокстан пен джиу-джитсудан спорт шеберіне үміткер сынды жетістіктерім бар.

Студенттік шақта жастар саясатына белсене араластым. Алматы қаласы бойынша "Жас Отан" жастар қанатының аппарат жетекшісі, "Жасыл ел" жастар еңбек жасақтарында жоба жетекшісі және Жетінші Қысқы азиада ойындарының еріктілер жетекшісі болдым. Сонымен қатар, Душанбеде өткен ТМД елдерінің еріктілер форумына Қазақстанның атынан қатысұанмын.

2012 жылы Нидерланды корольдігінде "Жерге орналастыру" мамандығы бойынша білім алып, ауылшаруашылығы саласының магистрі деңгейін иемдендім. Оқудан соң ҚазҰАУ жастар саясаты бөлімінде, Алмалы ауданы әкімінің аппаратында қызмет жасадым, Алматы қалалық Оқушылар сарайында директордың орынбасары болдым.

Қазіргі таңда кәсіпкермін. 1 жылдың ішінде еліміздің ең үлкен Квест желісін құрдым. Бүгінде Алматы қаласы бойынша 9 квест, 1 тайм кафе және Астана қаласында 1 квест бар.

Аз капиталмен үлкен табыстарға жетуге болатынына көзім жетіп, жастардың кәсіпкерлікке келуі-ел экономикасының өсуіне зор ықпалын тигізеді деген сенімім мол!