Қыдырғали Оңғарбаев – Оңтүстік Қазақстан өңірінің құрыш білекті палуаны. Қазақ баласының қара күшіне тіпті шет елдік тұрғындары да таңырқап, жерлесімізді ғаламтор жұлдызына айналдырған еді. Палуан жігіт – Қазақстан Республикасының 7 дүркін чемпионы. Әлем кубогының 2 дүркін иегері.

Қыдырғали Оңғарбаев — Шардара қаласының тумасы. Спорттың қол күресімен 10 жасынан бастап айналысады. Тынымсыз еңбегі, тыңғылықты жаттығуының арқасында 7 дүркін чемпион атанып отыр.

2010 жылы Алматы қаласында өткен Қазақстан Республикасы чемпионатында алғаш рет чемпион атанады.

Азия чемпионаттарының 7 дүркін чемпионы. Әлем кубогының 2 дүркін иегері. 2014 жылы Хорватия елінің астанасы Загреб қаласында, 2015 жылы Польша елінің Румия қаласында өткен Әлем кубоктарының иегері.

2015 жылы Корея астанасы Сеул қаласында өткен «Король стола» атты жекпе-жек күресінде Қыдырғали Кореяның ең мықты деген кәсіпқой спортшыларымен күш сынасып, Бірінен соң бірі жеңді. Ойсырата жеңілген 37 кәрістің, жекпе-жек соңында Қазақтың қара баласы Қыдырғалиға тамсанып, таңдай қақты. 2014 жылы Ташкент қаласында, Өзбекстан Армрестлинг федерациясының арнайы шақыртуымен Қазақстан – Өзбекстан жекпе-жек кездесуінде Қазақстанның мақтанышы Қыдырғали мен Өзбекстанның ең мықты спортшысы, түйе палуаны Бабур Бекчановпен өткен 5 раундтық кездесуде 5:0 есебімен Қыдырғали Өзбек чемпионы Бабурды ойсырата жеңді. 2017 жылдың 13 сәуірінде Египеттің Каир қаласы Гизза ауданында өткен армрестлингтен Әлем кубогы этапы аясында Африка құрлығының чемпионы, Египет елінің ең күшті спортшысы, Әлем біріншілігінің жеңімпазы Мұхаммед Абдел Рахманмен 5 раундтан тұратын жекпе-жек өткізді. Бұл текетірескен намысты да байрақты бәсекеде Қыдырғали Мысыр мықтысына бірде-бір рет есе жібермей, 5:0 есебімен ойсырата жеңіп, Мәңгілік еліміздің абыройын тағы да бір рет асқақтатты.