Оразалы Кенжебеков – туған өлкесінің дамуына үлес қосып, ерікті түрде көптеген қоғамдық жұмыстарға белсенді атсалысып жүрген азамат.   

Мәртөбе тұрғын алабының ауыл кеңесін құрып, ауыл ақсақалдарымен бірлесіп, сол аймақтағы әлеуметтік және коммуналдық маңызды мәселелерді шешу жұмысымен айналысады. Ауыл кеңесіне 20-дан астам ұлт өкілдері кіреді. Оразалы Кенжебеков бірнеше рет Қаратау  ауданы әкімінің «Алғыс хатымен» марапатталды. 2016 жыл қорытындысы бойынша «үздік орам басшысы» деген баға берілді. Сондай-ақ, сол аумақта шоғырланған көптеген ұлт өкілдерінің тығыз қарым-қатынаста, бірлікте өмір сүруіне де үлесін қосуда. Өзге ұлт өкілдері арасында да абыройлы азамат.