Кенжебеков Оразалы Эрикпаевич– 1973 жылдың 23 қазанында Оңтүстік Қазақстан облысы, Сайрам ауданы Мәртөбе ауылында туылған. Ұлты – қазақ. Білімі – жоғары. Алматы экономикалық университетін қаржыгер мамандығы бойынша бітірген. Отбасылы, 4 баласы бар.


О.Кенжебеков - 2015 жылы Мәртөбе тұрғын алабының ауыл кеңесін құрып, ауыл ақсақалдарымен бірлесіп, сол аймақтағы әлеуметтік және коммуналдық маңызды мәселелерді шешу жұмысымен айналысады. Ауыл кеңесіне 20-дан астам ұлт өкілдері кіреді.
Ауыл кеңесінің төрағасы болып отырған О.Кенжебеков Қаратау ауданы әкімі аппаратымен бірлесіп, көптеген іс-шараларға ұйытқы болып, осы бағытта жүйелі, тұрақты және жемісті жұмыс жасалып жатыр деп толық айтуға болады.
Жоғарыда көрсетілген игі істердің маңыздылығын ескере отырып, О.Кенжебеков бірнеше рет Қаратау  ауданы әкімінің «Алғыс хатымен» марапатталды. 2016 жыл қорытындысы бойынша үздік орам басшысы деген баға берілді. Сондай-ақ, сол аумақта шоғырланған көптеген ұлт өкілдерінің тығыз қарым-қатынаста, бірлікте өмір сүруіне де үлесін қосуда. Өзге ұлт өкілдері арасында да абыройлы азамат. О.Кенжебеков Мәртөбе тұрғын алабы ғана емес, ауданымыздыңөсіп-өркендеуіне үлкен үлес қосады деп есептейміз.